Басы » Акимат » Қоғам » Әдеби сағат өткізілді
Әдеби сағат өткізілді
Автор: Акимат
11-07-2019 10:25
Әдеби сағат өткізілді
Қаламызда ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапхананың Bilim ortalyǵy-ында «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тапсырысына сәйкес жастардың рухани құндылығын арттыруға бағытталған әлеуметтік қызмет аясында жастар ресурстық орталығының қолдауымен, «ШҚО жастар мен балалар ассоциациясы» ЗТБ Семей қалалық филиалының ұйымдастыруымен әдеби сағат өткізілді. Шара барысында республикалық Абай журналының жастар жылына арналған арнайы шығарылымы таныстырылып, журналға өлеңдері шыққан ақындар жарық көрген шығармаларын ортаға салып әдеби сағат өткізді. Отырыс қорытындысы бойынша алдағы уақытқа жоспарлар белгіленіп, жастар жылы аясында атқарылатын шығармашылық шаралардың өту барысы талқыланды. Шараға Республикалық Абай журналының бас редакторы Мұратбек Оспан және жас ақындар қатысты. «Мені жастардың шығармашылыққа, өлеңге деген қабілеті қуантады қолдан келсе жастар жылы аясында тағы бір журналдың бөлімін жастарға арнауға тырысамыз»,- деді Абай журналының бас редакторы Мұратбек Оспан.
                                                                                               
 
 
    Жастар ресурстық орталығы