Басы » Акимат » Қаланың басқа жаңалықтары » Жеке Тұлғаларға салықтық рақымшылық
Жеке Тұлғаларға салықтық рақымшылық
Автор: Акимат
09-08-2019 11:31
Жеке Тұлғаларға салықтық рақымшылық
Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні хабарлайды. Салықтық рақымшылық жүргізуді көздейтін заң 2019 жылдың 16 шілдесінен күшіне енді. Ағымдағы жылдың соңына дейін әрбір азамат есептелген өсімпұлдарды есептен шығару бойынша аталған науқанды пайдалана алады.
Ағымдағы жылдың басынан бастап мемлекеттік кірістер органдары деректер базасын уәкілетті органдармен салыстырып тексеру, сондай-ақ салық төлеушілердің дербес шоттарын өзектендіру мақсатында есептеулердің толықтығы мен дұрыстығы мәніне дербес шоттарды түгендеуді жүргізді.
Осыған байланысты, осы рақымшылық жасаудың маңызды шарасы жеке кәсіпкерлер болып табылмайтын, бірақ кәсіпкерлік қызметтен алынатын салықтар бойынша берешегі бар жеке тұлғаларға салық берешегін есептен шығару мүмкіндігі болып табылады. Өсімпұлды есептен шығарудың жалғыз шарты жеке тұлғаның салықтар бойынша негізгі борышты төлеуі болып табылады. Салық төлеушілерге бұл үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, мемлекеттік кіріс органдары күн сайын жеке тұлғалардың дербес шоттарының жай-күйіне мониторинг жүргізеді және олар 3 жұмыс күні ішінде негізгі борышты төлеген кезде өсімпұлды есептен шығару туралы тиісті шешім шығарады.
Егер салық төлеуші ағымдағы жыл ішінде өткен жыл үшін негізгі борыш пен салықтар бойынша өсімпұлды төлеуді жүргізген жағдайда, өсімпұл сомасы қайтаруға жатады. Ол үшін мемлекеттік кіріс органдарына өтініш беру қажет.
 
 
Семей қаласы бойынша мемлекеттік 
кірістер басқармасы