Басы » Акимат » Қаланың басқа жаңалықтары » Жұмыспен қамту жәрмеңкесі өткізілді
Жұмыспен қамту жәрмеңкесі өткізілді
Автор: Акимат
09-08-2019 12:44
Жұмыспен қамту жәрмеңкесі өткізілді
ШҚО бойынша ҚАЖД Семей қ. Затон аудандық пробация қызметі, Семей қаласының жұмыспен қамту орталығы және Семей қаласының прокуратурасымен бірлесе ҚР Бас Прокуратурасының жіберілген нұсқауына сәйкес аймақтық «Даму» фондының ғимаратында «жұмыспен қамту жәрменкесі» өткізілді. Жәрменкеде пробация қызметінде есепте тұрған жұмыссыз жүз елу адам және отыздан астам жұмысқа алушы жеке кәсіпкерлер мен мекемелер қатысты. Жәрменке барысында есепте тұрған сотталғандардан елу адам жұмыспен қамтылды. Ұйымдастырылып отырылған іс-шара есепте тұрған жұмыссыз сотталғандарға еңбекпен қамтуға мүмкіндік берді және де бұл жәрменкеде келесідей мекемелер қатысты:
(АҚ «Қара-жыра», «Семей машина құрау заводы» «Ұн тарту комбинаты», ЖШС «Семей Цемент Заводы», ЖШС «Семейқұрылыс», ЖШС «Қазполиграф», ЖШС «Гордорстрой», АҚ ФИК «Алел», ЖШС «Темір транс», ЖШС «Қазахцветмет», ЖШС «Сәт транс», ЖШС «Силикат», ЖШС «Семей аяқ киім фабрикасы», ЖШС «Daewoo Bus Kazahstan», Семей литейлық- механикалық заводы, ЖШС «Эйкос», ЖШС «Ай-АР», ЖШС «Эмиль», ЖШС «Алформ», ЖШС «Фирама Азия», ЖШС «Компания Восток-Строй», Семей филиал АМ ҚМ «Қазақстан су жолдары», ЖШС «Компания Восток-Строй» Филиал «Еңбек Семей АММ на пхв «Еңбек» ҚАЖК ІІМ ҚР. 
 
 
ШҚО бойынша ҚАЖД Семей қаласы 
Затон аудандық ПҚ