Басы » Акимат » Спорт » Семей қаласындағы Қазақстан Республикасының Спорт күні
Семей қаласындағы Қазақстан Республикасының Спорт күні
Автор: Акимат
21-08-2019 09:21
Семей қаласындағы Қазақстан Республикасының Спорт күні
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығының негізінде Қазақстанның спорттық қоғамы  тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күнін мерекелейді. Осы жылы 12-19 тамыз аралығында Семей қаласында Қазақстан Республикасы Спорт күніне арналған бірқатар спорттық шаралар өткізілді.
Бұл күндері қаладағы орналасқан барлық спорттық ғимараттармен нысандар жұмыс істеп тұрды. Өздерінің күш – жігерлерін кәсіпқой спортшылардан басқа, қала тұрғындары да көрсете білді. Салауатты өмір салтын насихаттау және көпшілік өткізілетін жарыстарды көруі үшін, барлық іс-шаралар таза ауада өткізілді.
12-16 тамыз аралығында № 4 жалпы білім беру орта мектебінің аумағында жағажай волейболынан әйелдер командалары арасындағы қала чемпионаты өткізілді. 
16 тамызда «Бейбітшілік» аралында Қазақстан Республикасы Спорт күніне арналған «Қазақстан соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі филиалының ұйымдастыруымен «Спортта шекара жоқ» атты спорттық шаралары өткізілді.
17 тамыз күні қала әкімі Е.Б. Сәлімов «Бейбітшілік» аралында салауатты өмір салтын ұстанып жүрген және қалада спорттың дамуына үлестерін қосып жүрген бірқатар қала тұрғындарын құттықтады. 
17 тамыз сенбі күні «Спартак» стадионында БАҚ өкілдері және атқарушы органдар қызметкерлері командалары арасындағы футбол бойынша жыл сайынғы дәстүрлі жарыс өткізілді. 
17 тамызда Әуезов алаңында асық ойынынан және гір спортынан абсалюттік салмақ дәрежесі бойынша жарыстар өтті.
Ал 19 тамыз күні «Бейбітшілік» аралындағы «Арыстан» мәдени – спорттық кешенде спорт ардагерлерін құрметтеу рәсімі өткізілді. 
 
 
 
 
Дене шынықтыру және спорт бөлімі