Басы » Акимат » ТКШ, сәулет және құрылыс » Негiзгi капиталға инвестиция жұмсау
Негiзгi капиталға инвестиция жұмсау
Автор: Акимат
29-08-2019 11:22
Негiзгi капиталға инвестиция жұмсау
2019 жылғы қаңтар-шілдеде (қосымша бағалауды есепке алғанда) негiзгi капиталдың инвестиция көлемі 44763,7 млн. теңгені, 2018 жылдың қаңтар-шілдедегі деңгейіне 125,8%-ды құрады.
Инвестицияның негізгі бөлiгi (65,0%-ы) үйлер мен ғимараттарды салу және күрделі жөндеу жумыстарында қолданылды.      
Жылдың басынан іске қосылған негізгі қорлар 20770,7 млн. теңгенi құрады, олардың 8123,6 млн. теңге (39,2%) - өнеркәсіп саласында, 7982,6 млн. теңге (38,4%) – жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда, 1895,3 млн. теңге (9,1%) – көлік және қоймалау, 1095,2 млн. теңге (5,3%) – көтерме және бөлшек саудада,  725,1 млн. теңге (3,5%) - әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында, 282,3 млн. теңге (1,4%) – қаржы және сақтандыру қызметінде,  253,7 млн. тенге(1,2%) - құрылыс саласында, 132,9 млн. теңге (0,6%) – ақпарат және байланыс саласында, 103,7 млн. теңге (0,5%) – көсіби, ғылыми және техникалық қызметте, 80,2 млн. теңге (0,4%) – білім беру жүйесінде, 51,1 млн. теңге (0,2%) – денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерде, 21,6 млн.тенге (0,1%) – ауыл, орман және балык шаруашылығында, 16,0 млн.тенге (0,1%) – тұру және тамақтану саласында.
 
 
 
 Семей қаласаның Cтатистика басқармасы