Құрылыс
Автор: Акимат
29-08-2019 11:25
Құрылыс
Құрылыс қызметі. 2019 жылғы қаңтар-шілдесінде құрылыс жұмыстарының (қызметтер) көлемі қосымша бағалауды есепке алғанда 24793,7 млн. теңгені құрады, бұл 2018 жылдың қаңтар-шілдедегі деңгейден 22,9% көп. 
Мердiгерлiк жұмыстардың құрылымында 87,4% – құрылыс-монтаж жұмыстары, 1,9% – күрделі жөндеу.
Объектілер мен қуаттарды іске қосу. 2018 жылдың қаңтар-шілде айларында қалада тұрғызылған тұрғын үйлердің жалпы аумағы 68623ш. метрді құрады.
Тұрғын үй құрылысы. Тұрғын үй құрылысына 5849 млн. теңгенің инвестициясы жұмсалды, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 92,6% құрады.
Жылдың басынан 68623 ш. метрлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үйлерді салу мемлекеттік және мемлекеттік емес секторының субъектілерімен (жеке құрылыс салушылармен) жүргізілді.
 
 
 
 Семей қаласаның Cтатистика басқармасы