Басы » Акимат » Қаланың басқа жаңалықтары » Семей қаласында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды
Семей қаласында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды
Автор: Акимат
05-09-2019 09:52
Семей қаласында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды
Өрттердің және адамдардың өртте қаза болуын алдын алу шеңберінде Семей қаласында 1 қыркүйектен бастап өрт қауіпсіздік айлығы басталды. 
Айлық кезінде тұрғын секторда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақталуына бақылау күшейтіледі. Жергілікті полиция қызметінің қатысуымен қолайсыз және көп балалы отбасылардың тұрғылықты жері бойынша рейдтер өткізу жоспарланып отыр. Көп қабатты тұрғын үйлерде тұрғындармен жиналыс, жиын өткізіледі, сондай-ақ БОМЖ тұлғалардың тұратын жерін анықтау мақсатында шатырлы және жерөле үй-жайларының жағдайына көңіл бөлінеді.
Семей қ. ТЖ Басқармасы азаматтардан «Өрт қауіпсіздігі айлығын» өткізуге,үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кезінде азаматтық қорғау қызметкерлерінің жеке тұрғын үйлерге баруын түсіністікпен қарауды сұрайды. Семей қ. ТЖБ қызметкерлері жеке тұрғын үйлердің иелерімен өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша нұсқамалар өткізіп, ұсыныстардың түбіртектерін тапсырады, онда жылыту пештері мен электр жабдықтарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары көрсетілген.
 
 
 
ШҚО ТЖД Семей қ. ТЖБ