Басы » Акимат » Қоғам » Өзекті мәселерді – біз бірге шешеміз
Өзекті мәселерді – біз бірге шешеміз
Автор: Акимат
10-09-2019 17:51
Өзекті мәселерді – біз бірге шешеміз
Соттар тәжірбеде көбіне жер дауларын шешу кезінде мемлекеттік органдар тарапынан лауазымдық міндеттерді формальды негізде орындау, яғни тиісінше орындамау жағдайларын жиі кездестіреді. Дәл осы жағдай, Шығыс Қазақстан облысының соттына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің жанынан қолданыстағы заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру мәселелері, сонымен қатар мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру бойынша ведомствоаралық, қоғамдық жұмыс тобын (бұдан әрі - жұмыс тобы) құру үшін бастамашылық негіз болды.
2019 жылдың 6 қыркүйегінде тұңғыш рет, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының алаңында жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.
Құрамына облыстық соттың судьялары, облыс прокуратурасының қызметкерлері, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің қызметкерлері, заң қауымдастығының (ШҚО бойынша заң кеңесшілер палатасы) және қоғам өкілдері (арнайы мониторингтік топтың өкілдері және басқалар) енгізілген жұмыс тобының талқылауындағы өзекті тақырыптың бірі, жер қатынастары саласындағы проблемалық мәселелер болды. 
Көтерілген жер қатынастары саласында туындайтын проблемалық мәселелерді шешудің жолдарын халық арасында насихаттаушы, мемлекеттік органдар мен халық арасындағы байланыс буыны болып табылатын бұқаралық ақпарат құралдары арасында көрінбей қалмады.
Жұмыс тобының отырысына шақырылған уәкілетті мемлекеттік орган басшыларының (ШҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы, ШҚО жер қатынастары басқармасы, ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы және Өскемен қаласы әкімдігінің жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі) қатысуымен өткен сындарлы диалог барысында, жергілікті атқарушы органдар жанындағы жер комиссияларының жұмысының сапасын жақсартуға және қабылданған шешімдер үшін оның жауапкершілігін арттыруға бағытталған бірқатар нақты ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.
Сонымен қатар, Мемлекеттік басқару академиясының өңірлік филиалы құқық қолдану тәжірибесінен алынған мысалдарды кейстік жүйе арқылы құқықтық мәселелерді оңтайлы шешуге негізделген қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өтіп жатқан мемлекеттік қызметшілерді оқыту бойынша бастаманы өз мойнына алды.
Жұмыс тобымен қаралған өзекті мәселелердің бірі гараж кооперативтерінің адал меншік иелеріне тиісті құқық белгілейтін құжаттардың болмауына байланысты қалыптасқан "шешілмейтін" жағдайды шешу мүмкіндігін талқылауы болды.
Аталған жағдайды қызу талқылау барысында облыс орталығының гараж кооперативтерінің айналасында жер учаскесі шегінде орналасқан қазіргі гаражға уақытша өтеулі жер пайдалануға жер телімін беру алгоритмі ұсынылды.
Талқылау қорытындысы бойынша жұмыс тобының мүшелері осы бағыттағы жұмысты күн тәртібіне өзекті мәселелерді шығара отырып, ай сайынғы негізде жалғастыру қажет деген ортақ пікірге келді.
 
 
Ішкі саясат бөлімі