Басы » Акимат » Қоғам » «Серпін» жастарымен кездесу
«Серпін» жастарымен кездесу
Автор: Акимат
13-09-2019 17:06
«Серпін» жастарымен кездесу
Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде Семей қаласының Шәкәрім университетінде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім алып жатқан студенттермен кездесу өтті. Жиынға Семей қаласы әкімінің орынбасары А. Садырбаев пен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты. «Серпін 2050» жобасының мақсаты — жастарға қолдау көрсету, олардың тегін білім алуларына мүмкіндік жасау, айта келгенде еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуі үшін білікті кадр даярлау. Пікіралмасу алаңында жастарды жұмысқа орналастыру және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау түрлері туралы сөз  қозғалды. Студент жастар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, ой тарқасты. Кездесу соңында қала әкімінің орынбасары А.Садырбаев «Серпін» бағдарламасы мен оқуға түскен студенттердің тұрмыс жағдайларымен танысып, бірнеше жатақханаларда болды. Студенттер жатақханадағы жағдайларының жақсы екенін, және сабаққа дайындалуға барлық мүмкіндіктер жасалғанын атап айтты. Айта кетейік, аталмыш мемлекеттік әлеуметтік бағдарлама өңірімізде 2014 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 3 жоғары оқу орны мен 8 кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінде 1616 студент білім алуда. Оның ішінде 222 жас 1 курс студенттері.
 
 
 
Жастар ресурстық орталығы