Басы » Акимат » Қоғам » Семейге Моңғолия делегаттары келді
Семейге Моңғолия делегаттары келді
Автор: Акимат
03-10-2019 10:29
Семейге Моңғолия делегаттары келді
Ұлан-Батыр әкімшілігі Семей өндірісінің автобустарын сатып алуға мүдделі. Қала әкімімен өткен кездесуде айтылғандай, жақында автобус сатып алу жоспарлануда. Күн сайын Моңғолия астанасында 900-ден астам автобус жұмыс істейді. Биыл Ресей, Қытай және Беларусь өндірісінің 1200 бірлігін құрайтын автобус паркін жаңарту қажеттілігі туындады. 
Ұлан-Батор әкімшілігі мен бизнес-қауымдастық өкілдері Қытай, Корея және Еуропаға барып, автобустардың өндірісі мен техникалық сипаттамаларымен танысқан. Ұлан-Батырдың климаттық жағдайы біздің қаламен сәйкес келгендіктен автобустар арнайы таңдалған. 
Егер тараптар келіссе, Ұлан-Батор жолдарымен қаламыздың 300 автобусы жүретін болады.
 
 
Семей қаласының ақпараттық орталығы