Басы » Акимат » Қаланың басқа жаңалықтары » Қалада маршруттық желі жаңартылып, жаңа проблемалар пайда болды
Қалада маршруттық желі жаңартылып, жаңа проблемалар пайда болды
Автор: Акимат
04-10-2019 15:45
Қалада маршруттық желі жаңартылып, жаңа проблемалар пайда болды
Қалада маршруттық желі жаңартылып, жаңа проблемалар пайда болды. Автобустар жүргізушілері жалақы төлеудің жаңа жүйесіне разы емес. Бұрын  күн сайынғы табысқа үйренген оларға ай сайын банк картасына жалақы төленетін болады. Жақында 30-ға жуық жүргізуші жұмысқа шықпады. Олардың көпшілігі ресми түрде жұмыс істегісі келмейді. Өйткені егер табыс ең төменгі күнкөріс деңгейін арттырса, онда әлеуметтік көмек алады деп қорқады.Ал, олардың басым көпшілігі атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылған.
Баспасөз конференциясында көлік бөлімінің өкілдері жүргізуші кадрларының жетіспеушілігі автопарктің басты проблемаларының бірі екенін мойындады.
– Бүгінгі күні бізде тұрақты жұмыс істеп жатқан 154 жүргізуші бар. Тағы 80 жүргізушіні алуды жоспарлап отырмыз.  Олар жалпы 340 болуы керек, - деп түсіндірді автопарк директоры Асқар Зияданов.
Кездесуде сондай-ақ, қазіргі таңда автобус паркінде жалақы толық көлемде және уақытында төленетіндігін хабарлады. Жүргізушілер мен кондукторларды жұмысқа орналастыру кезінде еңбекке ақы төлеу және жұмыс режимі нақты жазылған пункттерімен шарт жасалады. Жалақыны есептеу кезінде  барлық зейнетақы, табыс салығы және медициналық сақтандыру ескеріледі.
Дегенмен, қала тұрғындарын қызмет көрсету сапасы да толғандырады. Көптеген жолаушылар таңнан кешкі сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейтін жүргізушілер шаршау салдарынан жолдағы жағдайды бақылай алмайды және сол арқылы жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді деп қорқады. Сондықтан жүргізушілер ауысып, екі ауысымда жұмыс істей алуы үшін жаңа кестені жасау әлдеқайда тиімді және қауіпсіз болар еді.
- Жүргізушілер екі ауысымда жұмыс істеу үшін жүргізушілер штатын екі есеге арттыру керек. Адамдар бізге келетін болса, біз оған мүмкіндік бере аламыз. Жүргізуші күн сайын таңғы сағат 5-тен кешке дейін жұмыс істемейді. Бұрын аяқталатын графиктер бар. Диспетчерлер мұның бәрін реттейді. Қозғалыс кестесінде  екі түскі ас қарастырылған. Осы уақыт ішінде олар  тыныға алады, - деп сендірді конференцияда.
Сонымен қатар, желіге шығар алдында әрбір жүргізуші міндетті түрде медициналық тексеруден өтеді. Егер денсаулығына байланысты қандай да бір ақаулар табылған жағдайда, жүргізуші жұмыстан босатылады және учаскелік дәрігерге жіберіледі.
 
 
 
Семей қаласының ақпараттық орталығы