Басы » Акимат » Қоғам » Баспана салу мәселесі талқыланды
Баспана салу мәселесі талқыланды
Автор: Акимат
05-11-2019 17:58
Баспана салу  мәселесі  талқыланды
Баспана салу  мәселесі  талқыланды
 
Кездесуге  мемлекеттік «Нұрлы жер»  бағдарламасы арқылы   жеке секторда баспана салғысы келетін  тұрғындар  шақырылды. 
Қала басшысы  Ермак Сәлімов мемлекет есебінен тегін берілетін жерді алудың тәртібін жан-жақты түсіндіріп,  осы салада атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. 
-«Баспананалар салынатын Ақсай, Ұшақтар, Комсомол  кентерінде  қазіргі уақытта   су құбырлары   және электр желілері  тартылып,  осы жылдың соңында  аяқталады»- деді  қала басшысы.
Осы жер учаскелеріне  баспана салу белгіленген талаптар арқылы  «Тұрғын үй құрлыс жинақ  банкі»  және  баспана салумен айналысатын құрылыс мекемелері  арқылы   жүзеге асады. 
Кездесуде қала түрғындары банк   қызметкерлеріне және  құрылыс мекемелерінің  өкілдеріне өз сауалдарын қойып, толыққанды  жауаптар алды. Салынатын үйлердің жобаларымен танысты.
Баспана салудың өзіндік тәртібі  бойынша жер  учаскесінің  иесі, жер қатынастар бөлімі, банк және құрылыс мекемесі арқылы  төрт жақты келісім бойынша іске асады.  
Қазіргі  уақытта қала әкімдігіндегі  жер қатынастар  бөлімінде жер алу үшін   24 мың  қалалықтар   кезекте тұр.