Басы » Акимат » Хабарландыру » Емханаға онлайн тіркелу
Емханаға онлайн тіркелу
Автор: Акимат
07-11-2019 09:25
Емханаға онлайн тіркелу
 
Достар!
Бүгін қысқанұсқа айдарында біз сіздерге емханаға онлайн тіркелу жолдарын айтпақпыз.
Егер сіздің электронды цифрлық қолтаңбаңыз болса, ХҚО-ға бармай-ақ, таңдаған емханаға тіркеле аласыз.
Ол үшін:
Egov.kz электронды үкімет порталына кіру;«Денсаулық сақтау» бөліміне өту;
«Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымдарына тіркелу» қызметін таңдайсыз. Әрі қарай «Онлайн сұрау» батырмасын басып, өзіңіз жайлы деректерді көрсете отырып, өтінішті жолдайсыз.
Қызмет 1 жұмыс күні ішінде тегін көрсетіледі.
Бұл қызметті тұрғылықты мекенжайыңыз өзгерген кезде немесе тіркелген емханаңызды өзгерткіңіз келген кезде (жылына бір рет) пайдалана аласыз.
 
 
 
«Азаматтарға арналған үкімет»Мемлекеттік корпорациясы»
КЕАҚ ШҚО бойынша филиалы