Басы » Акимат » Қоғам » Табысты жыл болды
Табысты жыл болды
Автор: Акимат
07-11-2019 18:20
Табысты жыл болды

Ф. М. Достоевский атындағы орыс драма театры үшін 2019 жыл табысты болды. Бұл жылы ұжым табанды жұмыс атқарып, көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырған қойылымдар қатары көбейді. Премьералық спектакльдерге билеттер бір ай бұрын сатып алынды.

Осы жылы театр ұжымы тек Семей сахнасында өнер көрсетіп қана қоймай, Ресейдің солтүстік астанасының тұрғындарын тәнтті етті. Көктемде олар Санкт - Петербургте өткен халықаралық фестиваліне қатысып, қазылар алқасы мен көрермендердің көзайымына айналған еді. Жақында "Періште" спектаклі Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған республикалық театр фестивалінде "Үздік көркемдік шешім" номинациясын жеңіп алды. Ұжым өздерін заманауи еуропалық театр ретінде таныта алды. Театр ТеАrt-Көкше І-ші халықаралық театр фестивалінің Гран-приін жеңіп алды. Олар сахналаған "Ревизор" тағы да фестивальдің ең үздік қойылымы деп танылды. Арнайы комиссияның шешімімен Ресейде өтетін "Атомград-2019" халықаралық байқауына "Ящерица" қойылымы таңдалып алынып, 7 қараша күні өнерпаздар бүкіл Қазақстан атынан осы байқауда өнер көрсетеді.

Театрдың әрбір жетістігінде – басшысы Яков Горельниковтың үлкен үлесі бар. Ол 35 жылдан астам уақыт бойы театр ұжымын басқарып келеді. Бүгінде өнер ордасы күллі елімізге танымал.