Басы » Акимат » Хабарландыру » «Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласының жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі»
«Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласының жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі»
Автор: Акимат
08-11-2019 09:09
«Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласының жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі»
 
Мемлекеттік мекемесі  071400, Семей қаласы, Қозбағаров көшесі 40, анықтама телефондары 8(7222)56-17-88, 56-74-46,, sobes@akimvko.gov.kz электрондық мекенжай, бос азаматтық қызметшінің лауазымына орналасуға конкурс жариялайды: 
«Шығыс  Қазақстан  облысы  Семей қаласының  №  3 арнаулы қызметтер  көрсету орталығы » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, А-блок бойынша-басқару персоналы, А 1 буын (1 бірлік), лауазымдық жалақысы қызмет өтіліне байланысты 106996 теңге.
Лауазымдық міндеттемелері: әлеуметтік мекеменің  өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық етеді. Ұйымды басқару құрылымын, штаттық кестені айқындайды. Мекемеде, күтімге, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуге, әлеуметтік-еңбекпен бейімдеу және оңалтуға қарттар мен мүгедектердің (жеке, мүліктік, тұрғын үй және басқа) заңды құқықтарын және мүдделерін қорғайды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастырады. Бөлінетін бюджет қаражаттарын оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етеді. Кадрларды іріктеу, қабылдау және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық міндеттемелерін айқындайды. Қызметкерлердің еңбек және өндіріс тәртібін күшейту, аттестаттау жұмысын жүргізеді. Ұйымның сотта, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда мүліктік және басқа да мүдделерін білдіреді және қорғайды. Шарттар жасайды, сенімхат береді, қажетті есеп беруді, статистикалық мәліметтердің сенімділігін қамтамасыз етеді. Санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың, санитарлық-гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының сақталуына, өртке қарсы нормалардың орындалуына жауап береді. 
Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық, заң, экономикалық) білім және жұмыс стажы әлеуметтік қорғау мен денсаулық сақтау жүйесінде кемінде 3 жыл немесе экономикалық қызмет түріндегі ұйымның тиісті бейіні бойынша басшы лауазымдарында кемінде 5 жыл.
Осы хабарландыруда көрсетілген санат бойынша конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексін, «Неке және отбасы туралы» ҚР кодексін,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңы, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын, «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» стандарты, «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, «ҚР тілдер туралы» Заңы,  «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-туру құралдарының  тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің  қаулысы,  «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің   Қаулысы, «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» № 26 бұйрығы және әлеуметтік қамсыздандыру және қызмет көрсету ұйымдарының қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерін. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің бұйрығымен 2015 жылғы 25 желтоқсан № 1017 бекітілген «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға арналған конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» ережесі негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініші; жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген); лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін; еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін; ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (ҚР Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; нарко-психо диспансерлердің анықтамалары; сотталу туралы анықтама. Азаматтар құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде бере алады. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты  ұсына алады. 
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ақпараттар құралдарында «Семей таны» және «Вести» газеттерінде жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күнінің ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: 071400, Семей қаласы, Қозбағаров көшесі, 40, кабинет 305, байланыс телефон  8 (7222)56-74-46
Әңгімелесу өтетін орын: Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу  бөлімі  Семей қаласы, Қозбағаров көшесі, 40.
Азаматтар конкурсқа қатысу бойынша шығындарды (конкурс өтетін жерге бару-қайту, тұру және өзге де шығындар) өз қаражаттар есебінен өтейді.