Басы » Акимат » Экономика және бизнес » Семей қаласы Сауда және қызмет көрсету 2019 жылғы қаңтар-қазан
Семей қаласы Сауда және қызмет көрсету 2019 жылғы қаңтар-қазан
Автор: Акимат
27-11-2019 10:10
Семей қаласы Сауда және қызмет көрсету 2019 жылғы қаңтар-қазан
Семей қаласы Сауда және қызмет көрсету 2019 жылғы қаңтар-қазан
 
2019 жылдың қаңтар-қазанында бөлшек сауда тауар айналымының көлемі жедел деректер бойынша 188665,7млн. теңгені құрады, соның iшiнде сауда кәсіпорындарымен 39430,6 млн. теңгенің, жеке кәсіпкерлермен, соның ішінде базарларда сауда жасайтындар – 149235,1 млн. теңгенің тұтыну тауарлары сатылды.
2018 жылдың қаңтар-қазанына қатысты алғанда барлық өткізу желілері бойынша бөлшек сауда тауар айналымының көлемі қолданыстағы бағамен 7,6%-ға, салыстырмалы бағамен 0,7%-ға көбейді.
Облыс бойынша бөлшек сауда тауар айналымы көлемінің 23,9%-ы Семей қаласының кәсiпорындары мен жеке тұлғаларының үлесiне тиедi.
Қаланың көтерме сауда кәсiпорындарымен биылғы жылдың қаңтар-қазанында 152670,8 млн. теңгенiң тауары өткiзілдi, немесе 2018 жылдың қаңтар-қазанына қарағанда қолданыстағы бағамен 15,1%-ға көп.  
 
 
 
Семей қаласаның Cтатистика басқармасы