Басы » Акимат » Қаланың басқа жаңалықтары » Семей қаласының ТЖБ басшылығының халыққа есеп беру кездесуі
Семей қаласының ТЖБ басшылығының халыққа есеп беру кездесуі
Автор: Акимат
28-11-2019 10:29
Семей қаласының ТЖБ басшылығының халыққа есеп беру кездесуі
Семей қаласының ТЖБ басшылығының халыққа есеп беру кездесуі
 
2019 жылғы 26 қарашада Семейде «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалында Семей қ. ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Б. Байбұровтың тұрғындармен есеп беру кездесуі өтті.
Кездесуге ниет білдіруші қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері жиналды. 
Кездесу барысында Семей қ.ТЖБ бастығы Бақытбек Байбұров тұрғындарды 2019 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті.
Өз баяндамасында ол есеп беру кезеңінде "өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" Семей қ.жасағының бөлімшелері 1658 шығуды жүзеге асырғанын, оның ішінде өрттерді сөндіруге 452 шығуды, авариялық-құтқару жұмыстарына 491 шығуды жүзеге асырғанын атап өтті. Сонымен қатар, 184 адам құтқарылды, оларға медициналық және басқа да көмек көрсетілді, 335 адам ТЖ аймағынан эвакуацияланды. 
Осындай маңызды саладағы динамиканы куәландыратын сандар келтірілді: ағымдағы жылы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қаза болғандардың саны 69% - ға азайды. 
Ол қаланың басқару органдары мен азаматтық қорғау күштерінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша дайындығына, өрт және арнайы техниканың қысқы кезеңге дайындығына ерекше назар аударды. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс істеуге, ТЖ-ның алдын алу ісінде жұртшылықпен жұмыс істеу перспективасына ерекше назар аударылды.
Семей қ.ТЖБ бастығы бүгінгі таңда ШӨҚ Семей қ. ТЖ жою үшін "Шығыс" Өңірлік қолбасшылық ұлттық ұланының 68303 ә/б 60 адам және 25 бірлік техника жұмылдырылатынын атап өтті.  
Мұндай қарым–қатынастың басты міндеті - адамдарға барлық сұрақтар бойынша толық ақпарат беру. Кездесу ашық, сындарлы рухта өтті, ТЖ басқармасының бастығы барлық сұрақтарға толық жауап берді.  
 
 
 
ШҚО ТЖД Семей қ. ТЖБ