Басы » Акимат » Хабарландыру » Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні хабарлайды
Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні хабарлайды
Автор: Акимат
04-12-2019 17:55
Салық төлеушілер назарына!
 
Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні хабарлайды. 
2018 жылдың басынан бастап бюджеттің 4-деңгейінің кезең –кезеңімен енгізу және қалалар мен ауылдық округтердің әкімділіктері бойынша салық түсімдерін бөлу жүзеге асырылуда. 2020 жылғы 1 қантарынан бастап халық саны 2000 адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттің төртінші деңгейіне өтеді.
Бюджет кодексінің 52-1-бабына сәйкес  мыналар аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін салықтық түсімдер болып табылады:
1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында мемлекеттік кіріс органдарында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:
дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін - тұрған жері;
қалған жеке тұлғалар үшін - тұрғылықты жері орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығы;
2) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;
4) мыналардан:
тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жеке тұлғалардан;
өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы.
Жоғарыда көрсетілген салықтарды төлеу тиісті елді мекеннің әкімдігінің БСН-де жүзеге асырылуы тиіс.
Объектілері ауылдық округтерде орналасқан жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар салық есептілігі нысандарында ауылдық маңызы бар қала, ауыл, кент,ауылдық округ әкімдері аппараттарының БСН-ді көрсетеді.
 
 
 
 
Семей қаласы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы