Басы » Акимат » Қаланың басқа жаңалықтары » Қылмыстың алдын алу және жолын кесу шарасы ретінде «Участок» профилактикалық жедел-алдын алу іс-шарасы!
Қылмыстың алдын алу және жолын кесу шарасы ретінде «Участок» профилактикалық жедел-алдын алу іс-шарасы!
Автор: Акимат
06-12-2019 14:35
Қылмыстың алдын алу және жолын кесу шарасы ретінде «Участок» профилактикалық  жедел-алдын алу іс-шарасы!
Қылмыстың алдын алу және жолын кесу шарасы ретінде «Участок» профилактикалық  жедел-алдын алу іс-шарасы!
 
 
2019 жылдың қыркүйек айының 15 - нен бастап желтоқсан айының 10-ны аралығында Қазақстан Республикасының аумағында "Участок" профилактикалық  жедел-алдын алу іс-шарасы орын алды. Оның мақсаты пробация қызметінде есепте тұрған адамдар арасында қайталанған қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту, жазасын өтеу тәртібін бұзатын сотталғандарды анықтау болып табылады.
ҚР БП ҚСжАЕК "Web-интерфейс", "Ақпараттық сервис" және "СИОПСО" ҚР ІІМ іздеу жүйелері бойынша бас бостандығынан айырмай  жазасын өтеуден жалтарған сотталғандармен жұмыс жасау, ҚР ҰҚК "Бүркіт-мемлекеттік органның клиенті" бірыңғай ақпараттық жүйесі бойынша қайталама қылмыстық құқық бұзушылықтарды немесе уақтылы анықтауға, шалғайдағы учаскелерді, шаруа қожалықтарын, қыстауларды және оларда еңбек қызметін жүзеге асыратын тұлғаларды іздестіруде жүрген адамдардың тізімі бойынша тексеру, қайта құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдар туралы жан-жақты ақпарат жинау, облыс соттарына жаза мерзімін ұзарту және бас бостандығынан айырумен жазаны ауыстыру туралы ұсынымдарды жіберу бойынша жұмыстарға аса назар аударылады.
ШҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің бұйрығына сәйкес ШҚО бойынша ҚАЖД Семей қаласы Орталық аудандық ПҚ инспекторы әділет аға лейтенанты А.М.Балтабаева ШҚО бойынша ПД Семей қаласы    ПБ Орталық аудандық ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Э.Б.Ахметовпен бірлесіп Семей қаласы Орталық аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың тарапынан қайталама қылмыс жасау деңгейін төмендету мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
Пробация қызметінің және ішкі істер органдарының қызметкерлерінен басқа іс-шараға халық және жұмыспен қамту орталығының мемлекеттік органдарының өкілдері қатысады. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жұмысқа орналастыру және оқыту түрінде жұмысы жоқ жұмыссыз адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жоспарлануда.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, арнайы шаралар ғана белгілі бір дәрежеде қандай да бір құқық бұзушылық жасауға байланысты теріс процестерге ықпал етуге мүмкіндік береді. Осындай шаралардың бірі "Участок" профилактикалық жедел-алдын алу іс-шарасын жыл сайын өткізіледі.
 
 
 
 
ШҚО бойынша ҚАЖД Семей қаласы
Орталық ауданының пробация қызметі