Басы » Акимат » Экономика және бизнес » Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы
Автор: Акимат
26-12-2019 16:04
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы
 
Мал шаруашылығы. 2019 жылдың 1 желтоқсан бойынша мал шаруашылығы өнiмдерiн өндірумен 5 ауыл шаруашылық кәсіпорындары, 382 шаруа қожалығы және 2,7 мың мал, құсы бар жұртшылықтың жеке қосалқы шаруашылықтары айналысты.
2019 жылдың қантар-қарашадағы шаруашылықтарының барлық санаттарында мал мен құсты тірідей салмақта союға өткізу 22 855,4 тоннаны (2018 жылдың сәйкес деңгейіне 90,9%-ды), сүт өндіру – 33 132,0 тоннаны (100,8%-ды), жұмыртқа – 2 905,5 мың дананы (100,6%) құрады.
Ет өндiрудің ең жоғары қарқынына 101,4 %-ға  шаруа(фермер) қожалықтары қол жеткізді.
Еттің негізгі өндірушісі ауыл шаруашылық кәсіпорындары, өңірдің өнім көлемінің тиісінше 76,5 %-ы  өндірілсе, сүт өндіруде – жұртшылық шаруашылықтары (58,6 %-ды) болып келеді.
Шаруа қожалықтарының үлес салмағы шамалы болып қала береді. Ет өндіруде – 11,1 %-ды, сүт өндіруде – 41,4%-ды құрады.
2019 жылдың қаңтар-қарашадағы 2018 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда сауын сиырлардың орташа айлық саны 0,8 %-ға көбейды. Сиырдың ең жоғары өнімділігі жұртшылық шаруашылықтары онда бір сиырдан сауылған сүт 2 077 кг құрады.
2019 жылғы қаңтар-қарашада бұзау өсiмi 19 210 бас немесе өткен жылдың сәйкес деңгейiне 103,9 %-ды, торай 707 бас (81,6%), қозы мен лақ – 44664 бас (92,6%), құлын –11563 бас(105,2%) құрады.
2019 жылғы қаңтар-қарашада   шаруашылықтың барлық санаттарында 72 бас ірі қара мал, 16 бас қой, 14 бас жылқы өлім жітімге ұшырады.
2019 жылдың 1 желтоқсан 2018 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда ірі қара – 7,4 мың басқа (13,5%), қой мен ешкі – 2,3 мың басқа (3,3%),%), шошқа-0,1мың басқа (14,7%)  жылқы саны – 6,7 мың басқа (21,5%), құс – 83,3 мың басқа (6,9%-ға) өсті.
Барлық ауыл аймақтарының ауыл шаруашылық өндірушілері ІҚМ, қой мен ешкі, шошқа, жылқы, қүс санын өсуі байқалды.
 
 
 
Семей қалалық Статистика басқармасы