Басы » Акимат » Қоғам » Семей қаласының полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Мақсат Зекенов қала әкіміне есеп берді
Семей қаласының полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Мақсат Зекенов қала әкіміне есеп берді
Автор: Акимат
20-01-2020 10:39
Семей қаласының полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Мақсат Зекенов қала әкіміне есеп берді
Семей қаласының полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Мақсат Зекенов қала әкіміне есеп берді
 
Ол Семей қаласында қылмыстық құқық бұзушылық 22 пайызға, ауырлығы орташа дәрежелі бұзушылық 29 пайызға, қорқытып алушылық 87, бұзақылық 68 пайызға төмендегенін мәлімдеді.
Жалпы ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы көбейіп, кісі өлтіру фактілері мен ауыр зиян келтіру, тонау, ұрлау, оның ішінде жымқыру фактілері анықталды. Сонымен қатар Мақсат Закенов полиция қызметкерлері өз жұмысында цифрлық технологияны қолданатынын айтты. Қылмыстық істер қазіргі таңда электронды форматта жүргізілуде, әкімшілік хаттамалар планшеттердің көмегімен жасалып жатыр. Мұның бәрі уақытты қысқартып, қағазбастылықты жояды.
Кездесу барысында Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов полиция жұмысына қатысты жаңа енгізілімдер туралы айтты. Атап айтқанда, Қарағайлы ауданында жақын арада учаскелік полиция бөлімшесі жұмыс істей бастайды. Жұмыста полицейлер квадрокоптерлерді қолдана бастайды. Кездесу соңында Семей қаласының әкімі полиция қызметкерлерін тұрғындармен белсенді жұмыс істеуге, профилактикалық жұмыстар жүргіп, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға шақырды.
 
 
 
Семей қаласының ақпарат орталығы