Басы » Акимат » Қаланың басқа жаңалықтары » Семей қаласының құтқарушылары Гарнизондық офицерлер үйінде өрт-тактикалық жаттығуларын өткізді
Семей қаласының құтқарушылары Гарнизондық офицерлер үйінде өрт-тактикалық жаттығуларын өткізді
Автор: Акимат
22-01-2020 10:15
Семей қаласының құтқарушылары  Гарнизондық офицерлер үйінде өрт-тактикалық жаттығуларын өткізді
Семей қаласының құтқарушылары  Гарнизондық офицерлер үйінде өрт-тактикалық жаттығуларын өткізді 
 
Тактикалық жоспар бойынша шартты өрт көрермен залында пайда болды.Өрт нәтижесінде  бүкіл этаждарды  қатты түтін басты және адам өміріне қауіп төнді.Қызметкерлер өрт сөндірудің алғашқы құралдарын қолдана бастады,алайда өртті жою мүмкін болмады.
Құтқарушылар дереу жолға шықты.Жеке құрам алдына келесі міндеттер жүктелді:өрттің жай күйін сыртқы белгілер бойынша бағалау,өртті барлау,әскери қимылдардың шешуші бағытын анықтау,өртті сөндірудің құралдары мен әдістерін таңдау,бөлімнің тактикалық мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану,өрт ошағын дер кезінде табу,қаланың және объектінің жедел қызметтерімен өзара әрекеттесуді және жұмысшы персоналды эвакуациялауды ұйымдастыру.
Бұл өрт тактикалық жаттығулар барысында Семей қаласы отрядының жеке құрамы тактикалық жоспарға сәйкес берілген тапсырманы орындады.
Оқу жаттығуларға өрт сөндіру техникасының 7 бірлігі және Семей қаласы отрядының 43 жеке құрамы қатысты 
Мұндай оқу жаттығулар нағыз өрт пайда болғанда қателіктерден аулақ болуға көмектеседі,себебі төтенше жағдай туындаған кезде қалай әрекет ету керектігін білмейтін адамдар дүрбелең тудыра бастайды,ал бұл жол беруге болмайтын жағдай.
         
 
 
 
ШҚО ТЖД Семей қ. ТЖБ