Басы » Акимат » Қаланың басқа жаңалықтары » Семей қ. ТЖБ-да Азаматтық қорғаныс саласындағы мамандарды оқыту жүргізілуде
Семей қ. ТЖБ-да Азаматтық қорғаныс саласындағы мамандарды оқыту жүргізілуде
Автор: Акимат
24-01-2020 11:48
Семей қ. ТЖБ-да Азаматтық қорғаныс саласындағы  мамандарды оқыту жүргізілуде
Семей қ. ТЖБ-да Азаматтық қорғаныс саласындағы 
мамандарды оқыту жүргізілуде
 
Халықты оқыту және төтенше жағдайларға даярлау 2020 жылғы жоспарына сәйкес Семей қ. ТЖБ қызметкерлері  дағдарыс орталығында Семей қаласының 2020 жылдың 20 қаңтарынан бастап  екі күн бойы"АӘД және ӨҚН оқытушылары"санатымен сабақтар өткізді.
Азаматтық қорғау саласындағы тыңдаушылардың теориялық білімдерін жетілдіру мақсатында оқу барысында тыңдаушыларға азаматтық қорғау бойынша нормативтік-құқықтық актілер және ҚР ІІМ  жаңартылған заңдары жеткізілді.
"Қызыл Жарты Ай Қоғамы" ШҚФ басшысы А. Абилгалимованың қатысуымен теориялық сабақтар өткізіліп, ТЖ кезінде дәрігерге дейінгі Алғашқы көмек көрсету әдістері көрсетілді.
Азаматтық қорғаныс тобының офицері Д. Асқаров АҚ, байланыс және құлақтандырудың жалпы мәселелері, әртүрлі төтенше жағдайлар кезінде халықты эвакуациялау бойынша әдістемелер туралы айтты.
Азаматтық қорғау саласындағы апаттар қатерін төмендету және бақылау тобының бас маманы Ж. Насымхан Семей қ.аумағында болған өрттердің және объектіде өрт шыққан жағдайда персоналдың іс-қимылының талдауын жеткізді.
Сонымен қатар тыңдаушыларға курс барысында мектеп оқушыларымен сабақ өткізу үшін жадынамалар, буклеттер мен видео материалдар берілді.
Соңында оқу тест тапсырмаларын тапсырумен аяқталды, нәтижесінде бірыңғай үлгідегі сертификаттар берілді.
 
 
ШҚО ТЖД Семей қаласы ТЖБ