Басы » Акимат » Қоғам » Компания өкілдері түсініктеме берді
Компания өкілдері түсініктеме берді
Автор: Акимат
30-01-2020 17:50
Компания өкілдері түсініктеме берді
Компания өкілдері түсініктеме берді
 
Жаңа жылдан бастап Семейде қоғамдық көліктерде  электрондық  билет жүйесі енгізілді.  Енді жол жүру төлемін көлік картасымен немесе Автобус қосымшасымен жолаушылар 80 теңге, қолма қол ақшамен 140 теңге төлейді. Қалалықтардың көпшілігі электронды билет жүйесін қолдануды тиімді санайды. Сонымен жаңа жүйе енгізілді, валидаторлар орнатылды.  Бірақ жолаушылар тасымалдау аясында мәселе азаймай тұр. Күн сайын әлеуметтік желілерде  қалалықтардың   көлік карталарынан ақшаны «өздігінен»  шешіп алады деген шағымдары жарияланып жүр. «Картамды 1000 теңгеге толтырып, көлікпен бір бағытта ғана жүрсем де, кешкілік картамда ақша қалмай қалады» деген сыңайда жазба қалдырушылар да баршылық. 
Осыған  орай электрондық билет жүйесін енгізген «Smart Concept» компанисы жолаушылардың шағымына жауап берді. Компания өкілдерінің айтуы бойынша жолаушылардың көлік картасынан заңсыз ақша шешіп алу фактысы болған емес. 
-2020 жылдың 28 қаңтарында Avtobys қызметі жоғарыдағы мәселе бойынша 400 сұрақтарды қарастырып шықты. «Картадан ақша жоғалды» деген бір факт нақтыланбады. Мәселені түбегейлі зерттеу барысында  шешілген ақшаның барлығы нақты жол жүру бойынша ғана алынып отырған.  
Avtobys платформасында жолаушылардың электрондық әмияны мен электронды ақшасы пайдаланылады. Сонымен бірге ақша  картада емес, банктің электронды әмиянында сақталады. Avtobys-тің  электронды ақшамен жүргізілетін кейбір операциялары банкпен өзара байланыста болады, осыған байланысты осындай операцияларға   біршама уақыт кетеді, көтеріліп отырған мәселе осыған орай туындап отыр.     
Осыған байланысты компания өкілдері карта теңгерімін емес,  жүрген жолының санын білгендері абзал дейді. Жол жүру санын  Telegram бота @AvtobysPassengerBot немесе + 7 7222 44 55 48 немесе WhatsApp: +7 705 391 8554 номері арқылы тексерулеріне болады.  
Жолаушылар тарапынан түскен   көлік картасынан жоғалған ақша қаражаты неге аударылмайды деген сауалға  компания өкілдері көлік картасының тарифтерін ажырата білу керектігіне тоқталды. Бүгінгі күнде электронды әмияннан ақшаны қайтаруда оқушылар үшін, жеңілдікпен және әлеуметтік тәрізді  тарифтері бар көлік карталары қолданыста бар. Әзірге стандартты карталардан жоғалған ақшалар қайтарылмай жатыр.  
-Оқушылардың, жеңілдікпен және әлеуметтік  карталар жекелей берілді. Басқаша айтқанда Avtobys платформасында көлік картасы иелерінің ЖСН мәліметтері бар. Бізге сұрау салған көлік иесінің әмиянына жаңа көлік картасына  ақша   аударуға сенімді боламыз.  Стандартты тарифті көлік карталары нақты иесі анықталмастан берілді. Міне, сондықтан біз  қай көлік картасы иесінің бізге хабарласқанын білмейміз. Мысалы үшін, сіз көлікпен жүргенде бір сәт картаңыз бұғақталған және картада ақшаңыз жоқ дейік.  Мұндай жағдайды болдырмау үшін біз әзірге стандартты  көлік картасын бұғақтамаймыз және картадан ақша аудармаймыз.,- деген түсініктеме берді компания өкілдері. . 
Таяу күндері кез келген карта иесі картаны өз атына  өздігінен  тіркеп ала алады немесе қолдау қызметі көмегін  пайдалануға мүмкіндігі бар.  Міне, осылай жолаушы картасы жоғалған  немесе бүлінген жағдайда жолаушыларды қолдау қызметіне жүгіне алады. Осыдан кейін  жоғалған картадағы қаражат жаңа картаға аударылады. Жоғалған «стандартты» картадағы ақша электронды әмиян теңгерімінде ұзақ мерзімде қала береді, алынып тасталмайды. Егер жоғалған карта табылып жатса, сол картаны ары қарай пайдалана береді.  
Көптеген жолаушыларды дұрыс толтырылмаған ақша мәселесі толғандырады. Егер жолаушы карта номерін дұрыс көрсетпесе, аударылған ақшаны қайтаруға немесе дұрыс номерлі картаға аударуға бола ма деген сауалға жоба жасаушылар бұл жағдайда жауапкершілік жолаушының өзіне жүктелетінін жеткізді . Яғни, клиент карта номерін дұрыс көрсетуге  міндетті.  Бұл мәселеде ақша қайтарылмайды  және аударылмайды. 
 
 
 
 
  Семей қаласының ақпараттық орталығы