Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » Обырдан оңалуға болады
Обырдан оңалуға болады
Автор: Акимат
05-02-2020 11:37
Обырдан оңалуға болады
Обырдан оңалуға болады
 
Бүгінгі күнде Семей өңірінде  қатерлі ісік ауруы азаймай тұр. Дәрігерлер қауымы жыл  сайын қатерлі ісіктің 1500 дерегін анықтайды. Бұл жайында Семей қаласы Ядролық медицина және онкология орталығында өткен дөңгелек стол барысында айтылды. 
 Жыл сайын 4 ақпан- Бүкілдүниежүзілік  обырмен күрес күні аталып өтіледі. Әлем бойынша осы дерттен күн сайын үлкендер мен балалар көз жұмады. Заманауи медицинаның алдында тұрған өзекті және шешімі қиын мәселе- обыр дерті болып тұр. Жүрекқантамырлары ауруынан кейінгі екінші орында тұрған қатерлі ісік адам бойына қорқыныш ұялататын қауіпті сырқат.
Бүгінгі күнде 185 мың қазақстандықтардан  обыр сырқаты анықталған. Біздің облыс осы сырқатпен ауратындардың және қайтыс болғандар саны жағынан алдыңғы үштікте тұр.  
Дәрігер-онкологтардың айтуынша тұрғындар қатерлі ісікті емдеуге өте кеш келеді. Кешіккен сырқатқа емделу  пайызы төмен болатыны түсінікті жайт. Өңір бойынша жыл сайын бауыр обыры, ұйқы безі, бүйрек және өкпе обыры бар сырқаттардың 20 пайызы, кейде 40 пайызы  соңғы  сатысында  жүгінеді.  
Қатерлі сырқат жайлы тұрғындарды тағы бір  ақпараттандыру мақсатында  ядролық медицина және онкология орталығында «Обырмен бірігіп күресейік» атты өңірдегі онкологиялық ахуал талқыланған  дөңгелек стол өтті. 
 
Орталық директоры Марат Сандыбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта пациенттердің скринигтен, хирургиялық, сәулелік және химиятерапияны, паллиативтік және  мамандандырылған терапиялық көмекті тегін ала алады.  МӘМС жүйесі бойынша қатерлі емес ісікті емдеу тегін және қолжетімді. Тек, тексерілуден өтуден қорықпау қажет-, дейді мамандар.    
Қазіргі уқытта сырқат ерте анықталған жағдайда оны емдеудің мандандырылған емдеу әдістерімен жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Ертерек емделсе сырқаттың еш қорқынышы жоқ
-Елімізде 1-10 ақпан аралығында обырды ерте анықтау мақсатында онкүндік өтуде. Мақсаты- қатерлі сырқатты ерте анықтау және скринингтен мезгілінде өту қажеттілігі жайлы ақпараттандыру. Бүгінгі күнде обырды ерте анықтау мен оны емдеудің заманауи тәсілдері бар екенін сеніммен айта алмыз.  Орталық өңіріміздегі  615, 5 мың адамға қызмет көрсетеді.  Семей өңіріне ШҚО алты ауданы, Семей және Курчатов қалалары қарайды.
Кейінгі жылдары Ядролық медицина және онкология орталығында оң өзгерістер баршылық. Өткен жылы ШҚО әкімдігінің қолдауымен үшжылдық бағдарлама табысты аяқталды. Бірінші деңгей бойынша 592 маман оқудан өтті, 278  маман онкоорталық ұйымдастырған шеберлік кластарына қатысты. Европаның  алдыңғы қатарлы медициналық орталықтарында 35 маман тәжірибеден өтуге мүмкіндік алды. Осының арқасында ЯМЖО орталығында сырқатты анықтау мен емдеудің жаңа әдістері енгізілді. Жыл сайын орталықтың материалдық-техникалық базасы жаңара түсуде. Жаңадан компьютерлер мен планшеттер, төсекжанындағы мониторлар сатып алынды. Өз қаражаттарына МРТ аппараты жаңартылып, КТ аппараты жөндеуден өтті
 Орталық жұмысына ІТ- емхананың енгізілуі, апгрейд интернет жүйесінің және емхананың жөндеуден өтуі  өзінің оң  әсерін тигізді. «Онкологиялық сырқатпен күрестің кешендік жоспарының » арқасында тұрғындар үшін тексеруден өтудің қымбат әдістері қол жетімді болды. Обыр диагнозымен күдікке ілінген пациенттер үшін КТ және МРТ тегін өту мүмкін болды,- дейді   Марат Сандыбаев.
Бүгінгі күні орталықта 140 тәулік бойғы төсек болса, оның 105-і онкологиялық, 35-і кардиологиялық бағытта, 40 төсек стационарды алмастыратын орындар.  
Жылдан жылға адамдарды эмоционалды және психологиялық тұрғыда қолдау қызметіне жүгіну артып келеді. Тыңғылықты дайындықтың арқасында Семейдің онкоорталығы МӘМС жүйесі бойынша жаңа форматпен жұмыс істеуге көшті. Жаңа жылдан бастап тұрғындар медициналық сақтандыру бойынша мамандандырылған онкологиялық көмек алуда.   
Кездесу соңында дәрігерлер қалалықтарға  тағы бір мәрте қатерлі сырқаттан қорықпай, дер кезінде тексерілуден өтіп отыруға кеңес берді. 
 
 
 
Семей қалалық ақпарат орталығы