Басы » Акимат » Хабарландыру » ШҚО тұрғындары арасындағы «Дұрыс болсын десең көш – қауіпсіз болсын үйдегі пеш» атты челлендж
ШҚО тұрғындары арасындағы «Дұрыс болсын десең көш – қауіпсіз болсын үйдегі пеш» атты челлендж
Автор: Акимат
12-02-2020 15:09
ШҚО тұрғындары арасындағы «Дұрыс болсын десең көш – қауіпсіз болсын үйдегі пеш» атты челлендж
 
 
2020 жылдың 20 қаңтарынан 16 наурыз аралығында ШҚО тұрғындары арасындағы «Дұрыс болсын десең көш – қауіпсіз болсын үйдегі пеш» атты челлендж өткізіледі.
Акция өрттердің санын азайтуға, адамдардың мерт болуының және улануының алдын алуға, азаматтардың назарын от жағу маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігі мәселелеріне аудартуға бағытталған.
Акцияға Шығыс Қазақстан облысының үйлері пешпен жылытылатын және де от жағу маусымында пешті дұрыс пайдалануды көрсетуге үлгі бола алатындай барлық азаматтары қатыса алады.
 
Қатысу ережелері
 
Қатысушыларға өз үйлеріндегі пештерді қалпында ұстап және пайдалану бойынша процедураның бейне түсірілімін жасау керек. Бейне жазу көлденең күйде сапалы түрде телефонмен де түсірілуіне болады. 
Қатысушы өзінің үлгісінде пешті қалай күтуді, жағуды, тазалауды, және де осы процедураларды қаншалықты жиі орындайтыны жайлы көрсету қажет. Нені жасауға болмайтынын және нендей жағдайларда тыйым салынатынын көрсеткен жөн.
Бейне жазбаны өзінің осы жайлы ой-пікірлерімен жанды дауыста ілестіру керек, себебі, жазбадағы іс-әрекеттер көрермендерге түсінікті болғаны жөн.
Бейнежазбамен қатар, өзі жайлы мәліметтерді sklyar@vkogps.kz  электрондық адресіне қоса жолдау керек:
А.Т.Ә., тұрғылықты мекен-жайы (ауыл, аудан). Бейнежазбаны 2020 жылдың 16 наурызына (қоса есептегенде) дейін жолдау керек. 
Судьялар коллегиясының пікірінше ең үздік деп танылған үш бейнежазба ШҚО ТЖД Instagram, Facebook ресми аккаунттарда жарияланады.
Жеңіске жеткен қатысушылар бағалы сыйлықтар және мақтау қағаздарымен марапатталады.
 
 
Нәтижелерді қортындылау
 
Нәтижелерді қортындылау судьялар коллегиясының дауыс бері тәртібі бойынша жүргізіледі. Нәтижелер 2020 жылдың 20 наурызында ШҚО ТЖД Instagram, Facebook ресми аккаунттерінде жарияланады. 
 
 
 
Семей қаласы ТЖБ