Басы » Акимат » Қоғам » Тарихи жәдігерлер көрмесі ашылды
Тарихи жәдігерлер көрмесі ашылды
Автор: Акимат
12-02-2020 15:25
Тарихи жәдігерлер көрмесі ашылды
Тарихи жәдігерлер көрмесі ашылды
 
Абайдың  әдеби- мемориалдық музейінде ақынның 175 жылдық мерейтойына орай «Алтын Алтай» атты тарихи жәдігерлер көрмесі ашылды. Көрме мақсаты- қазақ жерінен табылған таңғажайып қазба жәдігерлерімен көпшілікті таныстыру. 
 Көрме экспозициялары «Берел» музей –қорығының қорығындағы экспонаттар. Олардың арасында біздің дәуірімізге дейінгі IV-III ғасырларда өмір сүрген   сақ тайпаларының тұрмыстық заттары  мен басқа да қазба жұмыстары кезінде табылған тарихи заттар бар.  Бұғы мүйізінен жасалған  ат әбзелдері мен қалқан, мүйізден жасалған әшекейлер, Сақ қорғанынан табылған өзге де бұйымдар  келушілердің назарын аударатыны сөзсіз. Көрменің тағы бір тамашасы-   ертеде  табылған адам қаңқасына негізделген   антропологиялық жаңғыртудан өткен ер және әйел адамның сырт бейнелері болды.  
- Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойы құрметіне орай ұйымдастырылған көрмемізде   келушілерді ата-бабамыздың өмір сүру салты және тарихымен таныстыруды мақсат еттік. Мұнда қойылған әр экспонат музей қорындағы  түпнұсқа,- дейді «Берел» музей-қорығының директоры Алмас Сарбасов.  
Берел қорымы- Қазақстандағы сақ дәуірінің тарихи ескерткіші. Қорған біздің дәуірімізге дейінгі V-IV  ғасырларда тұрғызылған. Қорым Шығыс Қазақстан облысы Бұқтарма өзенінің оң жағындағы  Берел ауылынан  жеті шақырым қашықтықтағы  оңтүстік батыстағы таулы жазықта орналасқан.  Бүгінгі күні қорымда жүзге тарта қорғандар бар.  Семейліктер назарына бір ай бойы ұсынылатын көрмеге жиыны жүзге тарта жәдігерлер қойылған.  
 
 
 
 
  Семей қаласының ақпаратық орталығы