Басы » Акимат » Қаланың басқа жаңалықтары » Сот сенімін ақтамаған сотталған түзеу колониясына жіберілді
Сот сенімін ақтамаған сотталған түзеу колониясына жіберілді
Автор: Акимат
14-02-2020 10:41
Сот сенімін ақтамаған сотталған түзеу колониясына жіберілді
Сот сенімін ақтамаған сотталған түзеу колониясына жіберілді
 
ШҚО Семей қаласының № 2 сотында судья Н. Нұралиновтың төрағалық етуімен ШҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің Семей қаласы Затон аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі бойынша 6 жылға сотталған өтелмеген бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсынымды қарау бойынша көрсеткіш сот процессі өтті. Осы отырысқа пробация қызметінің жеке құрамы және қайталама қылмысқа және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға бейім сотталғандар қатысты.
Істің мән – жайына сәйкес, сотталған С. ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігімен - алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, пробация қызметінің инспекторымен тексеру кезінде тұрғылықты жері бойынша бірнеше рет болмаған, тұрғылықты жері бойынша болу кестесін бұзған.
Сонымен қатар, ол қылмыстық теріс қылық жасады, атап айтқанда ұсақ-түйек жымқыру, сондай-ақ ұрлық жасағаны үшін ұсталды, яғни жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ сот жүктеген міндеттерді қасақана бұзды. 
Бұл бұзушылықтарды сотталған үш ай бойы жасаған. Сонымен қатар, тұрғылықты жері бойынша теріс сипатталады, сотталғанды қайта тәрбиелеуге бағытталған профилактикалық сипаттағы әңгімелесулерге назар аудармайды, өзі үшін тиісті қорытындылар жасамады, түзету жолына түскен жоқ. Бұл мән-жайлар сотталған С. –нің түзеуі тек бас бостандығынан айыру орындарында ғана мүмкін екендігін куәландырады, өйткені сотталған соттың көрсетілген сенімін және қоғамнан оқшаулаусыз түзеу мүмкіндігін ақтамаған және бағаламаған.
Сот отырысы аяқталғаннан кейін судья Н. Нұралинов шешімді жария етті. Енді сотталушы С. тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігін бостандықта емес, орташа қауіпсіз қылмыстық - атқару жүйесі мекемесінің қабырғасында өтейтін болады.
Сонымен қатар, судья сот процесіне қатысқан басқа да сотталғандармен алдағы уақытта әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ең алдымен, көрсеткіш сот процесін тағайындауы процеске қатысушыларға қараңғылық пен сабақ болды.
 
 
 
ШҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің Семей қаласы Затон аудандық пробация қызметі