Басы » Акимат » Қоғам » Семейде тасқынның алдын алу шаралары басталды
Семейде тасқынның алдын алу шаралары басталды
Автор: Акимат
21-02-2020 10:25
Семейде тасқынның алдын алу шаралары  басталды

Семейде тасқынның алдын алу шаралары  басталды

 

Су басуды алдын алуға қолда бар күштер мен барлық мүмкіндіктер жұмылдырылуда. Көктем шығуына да бір аптадай уақыт қалды, соған орай қареріп,  көктемгі су басумен күрес жүргізілуде. Көктемгі су қаупі әсіресе, шет аймақтар мен жеке меншік үйлерге қатысты. Тұрғын аумақтарды судан қорғау мақсатында еріген қар суымен күресу үшін  жоспар әзірленді. Қала көшелері мен аумақтарына мониторинг жүргізіліп, жеке секторларда көшені қардан тазартып, арықтарды тазалау жұмыстары басталып кетті. - Қаланы қыс мезгілінде күтіп ұстауға байланысты 205 миллион теңге қарастырылған. 17 ақпандағы жағдай бойынша 220 мың шаршы метр қар шығарылды. Бұл жұмыс әлі де жалғасуда. Ауа райы температурасына орай арықтарды тазалау мерзімінен 10 бұрын қолға алынды. Бүгінгі күні арықтарға байланысты тәулік бойғы кезекшілік бригадасы  ұйымдастырылды. Арық жүйесіне байланысты жұмыс жоғары қарқынмен жүргізілуде.  Инертті материалдар қоры да жеткілікті. 264 тонна құм, 5 тонна инертті материал, 23 су сору бірлігі және 32  қар және жаңбыр суын соруға арналған насос станциясы бар.  Қала әкімінің тапсырмасына орай қосымша қар шығару учаскелерін анықтайтын жұмыс тобы құрылған,- дейді қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков. Мониторинг барысында  жеке сектордың су басуы мүмкін  деген  55 көшесі анықталды. Олар Дальный ауданы, Қайым Мұхамедханов көшесі, Восточный, Мирный, Степной аудандарынан қар қарқынды шығарылуда. Қызыл кордон ауданында тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылып, арық жүйелері бақылауға алынды. Мирный және Контрольный аудандарында тағы екі аумақ анықталып, арықтардан су жіберіле бастады. - Үстіміздегі жылы Восточный ауданында темір жолдан Ертіс өзеніне дейінгі аралықтағы  жұмысты қарастырудамыз. Жұмыс арық жүйесі қалыпқа келтірілген соң басталады. Іздестіру жұмыстары Қызыл кордон аумағында да жүргізіледі.   Сол сияқты Короткая көшесі мен Дөнентаев көшелеріндегі арықтарды түзетудің жобалық- сметалық құжаттарын бастауды жоспарлап  отырмыз. Мамандар Ертіс өзеніне қатысты қауіптің жоқ екенін айтады. Қыстың анағұрлым жылы болуына байланысты мұз қалыңдығы екі айда бір өлшенді. Егер өткен жылы мұз қалыңдығы 52 сантиметр болса, биыл бұл көрсеткіш екі есе төмен- 29 сантиметр. Шүлбі  су электр станциясынан су жіберілуіне де мониторинг жүргізілуде. Бүгінгі күні мұз жару жұмыстарына байланысты меморандум жасалып, қаражат қарастырылды. Мұз жару аудандарының картасы жасалып, орындары белгіленген. Бұның барлығы  тек мұз жару жұмысы қажет болған жағдайға  байланысты дайындық шаралары екені де айтылып өтті. Ал,  мамандар болса мұз жарудың әзірге қажеттілігі жоқ екенін айтып сендіруде.

 

 

Семей қаласының ақпараттық орталығы