Басы » Акимат » Қоғам » Мемлекеттік мекемелерде, оның ішінде білім беру ұйымдарында жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мәселесі бойынша кеңес өтті
Мемлекеттік мекемелерде, оның ішінде білім беру ұйымдарында жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мәселесі бойынша кеңес өтті
Автор: Акимат
25-02-2020 18:14
Мемлекеттік мекемелерде, оның ішінде білім беру ұйымдарында жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мәселесі бойынша кеңес өтті
Мемлекеттік мекемелерде, оның ішінде білім беру ұйымдарында жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мәселесі бойынша кеңес өтті
 
 
2020 жылғы 25 ақпанда Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметұлы Сәлімовтің төрағалық етуімен Семей аймағы бойынша  ауданаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Қуанышбек Әбдіғаппарұлы Қасымбектің қатысуымен қалалық әкімдіктің ғимаратында мемлекеттік мекемелерде, оның ішінде білім беру ұйымдарында жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мәселесі бойынша кеңес өтті.
Кеңеске қала әкімі аппаратының басшысы, қалалық білім бөлімінің қызметкерлері, қаланың жалпы орта білім беретін  мектептерінің директорлары мен бас есепшілері қатысты. 
Семей аймағы бойынша ауданаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Қуанышбек Қасымбек мемлекеттік мекемелердегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар туралы сөз сөйледі. 
Соңғы бірнеше жыл ішінде елді дүрліктірген биліктің жоғарғы эшелондарындағы сыбайлас жемқорлық қарапайым азаматтардың назарын аударды. Ауқымды жанжалдардың аясында тұрмыстық сыбайлас жемқорлық аз байқалады. Сонымен қатар, азаматтардың көпшілігі осыған тап болады. 
Бұл қатарда мемлекеттік мекемелердегі сыбайлас жемқорлық бөлек тұр, бұл атқарушы билік органдарына деген бедел мен сенімге нұқсан келтіреді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының күшіне енуімен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық стандарттар мен озық тәжірибені енгізу негізінде қалыптастырылады.
Талдау көрсеткендей, бюджеттік   қаражатты жұмсау және мемлекеттік сатып алулар аясы «тәуекел аймақтары» болып табылады.
Осы жылдың басынан бастап Семей аймағы бойынша  ауданаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасымен  № 12 жалпы орта білім беретін мектептің (Р. М. Кискина), № 27 жалпы орта білім беретін мектептің (З. Г. Абдувалиева) және № 49 жалпы орта білім беретін мектептің (Д. И. Жунусова) бас есепшілеріне қатысты қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізілуде. Бұл қызметкерлер жоғарыда аталған мектептердің бас есепшілері бола тұра, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген тұлғалар бола отырып,  111- ерекшелік бойынша жалақыны шамадан тыс есептеуден көрінетін меншікке қарсы ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарды қасақана жасады. 
Сонымен қатар, есепшілердің осы бюджеттік қаражатты жымқыру фактілері бірлі-жарым емес. Бұған дейін Семей қаласындағы жалпы орта білім беретін мектептердің есепшілеріне қатысты осындай жымқыру фактілері бойынша ұсынымдар бірнеше рет қарастырылған, бірақ жауапты лауазымды тұлғалар тарапынан тиісті қорытынды шығарылған жоқ.
Қорытындылай келе, Семей аймағы бойынша ауданаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Қуанышбек Қасымбек сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол беруге алып келген бағынысты қызметкерлердің қызметіне тиісті ведомстволық бақылаудың жоқтығы үшін мектеп директорларын тәртіптік жауапкершілікке тарту қажет екенін атап өтті. 
 
 
 
"Семей қаласы әкімінің аппараты" ММ