Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » Облыстағы эпидемиологиялық жағдай және аурулардың таралуына жол бермеу бойынша атқарылып отырған шаралар туралы
Облыстағы эпидемиологиялық жағдай және аурулардың таралуына жол бермеу бойынша атқарылып отырған шаралар туралы
Автор: Акимат
06-03-2020 10:14
Облыстағы эпидемиологиялық жағдай және аурулардың таралуына жол бермеу бойынша атқарылып отырған шаралар туралы
Облыстағы эпидемиологиялық жағдай және аурулардың таралуына жол бермеу бойынша атқарылып отырған шаралар туралы
 
 
Қазіргі уақытта ұйымдастырылған ұжымдарда (мектептерде, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, жоғары оқу орындарында) ЖРВИ және тұмаумен сырқаттану маусымы жүруде. Аталмыш аурулардың таралуына жол бермес үшін қарапайым алдын алу шараларын сақтау қажет.
Мына кеңестерге құлақ асыңыз:
- Көпшілік жиналатын орындарға (мерекелер, сауда ойын-сауық орталықтары, базарлар, спорт секциялары, кинотеатрлар және т.б.) баруды шектеу.
- ЖРВИ белгілері бар (жөтелу, түшкіру) адамдармен қарым-қатынасты шектеу. Егер бұл мүмкін емес болса, онда бір реттік медициналық маскаларды пайдаланып, оны әрбір 2-3 сағат сайын ауыстыру қажет.
- Үй-жайды күнделікті желдетіп, ылғалды жинау жұмыстарын жүргізу. Ауаны ылғалдандырыңыз. Ылғалды таза ауа – суық тию және тұмауға қарсы күресудегі күшті құрал.
- Салқын тиюден сақтаныңыз және ауа райына сәйкес киініңіз. Үйден шығарда мұрын жолдарын алдын ала тазалап, қорғаныш ретінде оксолин жақпа майын жағыңыз.
- Иммунитетті көтеру үшін күнделікті тамақтану рационына дәрумендерге бай азық-түлік өнімдерін – қарақат, ашытылған қырыққабат, цитрус, қызанақ, құрамында фитонцид бар көкөністер – пияз, сарымсақ қосыңыз.
- Қолыңызды сабынмен немесе құрамында кемінде 60% спирт бар гель-антисептикпен мұқият және жиі жуыңыз. Бетіңізді лас қолмен ұстамауға тырысыңыз.
- Салауатты өмір салтын ұстаныңыз, оның ішінде толыққанды ұйқы, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі және шынығу.
Есіңізде болсын ! Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеңіз!
 
 
ШҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті