Басы » Акимат » Қаланың басқа жаңалықтары » Абайланыздар, жұка мұз!
Абайланыздар, жұка мұз!
Автор: Акимат
20-03-2020 17:14
Абайланыздар, жұка мұз!
Абайланыздар, жұка мұз!
 
 
Көктемдегі жылынудың басталуына, мұз қаландығының азаюына байланысты және Ертіс өзеніне мұз өткелінің өтуіне байланысты  Семей қаласы  ТЖ Басқармасы, қауіпсіздік мақсатында қала тұрғындары мен қала қонақтарына пайда болған  жұқа мұз үстіне шықпауды ұсынады, оның ішінде мұз астынаң балық аулау кезінде. Семей қ. ТЖ басқармасы, «ЖҚЖ» 7- құтқарұ бөлімшесі қызметкерлері демалыс және мереке күндері жаппай балық аулау орындары бойынша рейдтік іс- шараларын өткізуде, сондай-ақ су айдындарыдағы қауіпсіз журіс-тұрыс ережелері бойынша жадынамалар таратуда.
Мұз астынаң балық аулау кезіндегі негізгі қауіпсіздік ережелерін еске саламыз:
балық аулаған кезде мықты емес, жұқа мұзға  шығуға болмайды .
      егер мұз қалыңдығы осалдағаны білінсе (жарықшақ пайда болса, мұз салмағыңыздан бүгіле бастаса, мұз бетінде су пайда болса) онда дереу келген ізіңізбен артқа қайтыңыз. 
     мұз бетін қар жауып қалса ондай жермен жүрмеген жөн. Астында тесік, немесе     жарықшақ болуы мүмкін.
      отырған жерде от жағуға тыйым салынады.
қол астында 12-15 метрге жететін арқан, тақтай немесе үлкен бұтақ болу керек.
      су астына түсіп кеткен жағдайда – үрейге ұшырамаңыз, өз күшімен мұз бетіне шығуға тырысып, жағаға қарай жатып жылжыңыз, көмекке шақырыңыз.   
 
Сақ болыңыздар! Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!
 
 
ШҚО ТЖД Семей қаласының ТЖБ