Басы » Акимат » Қоғам » Семейде қоғамдық көліктер әр рейстен кейін дезинфекцияланады
Семейде қоғамдық көліктер әр рейстен кейін дезинфекцияланады
Автор: Акимат
26-03-2020 10:08
Семейде қоғамдық көліктер әр рейстен кейін дезинфекцияланады
Семейде қоғамдық көліктер әр рейстен кейін дезинфекцияланады
 
 
Бұл туралы «Semey Bus» ЖШС директорының орынбасары Әсет Қалигожин хабарлады. Әр айналымнан соң жолаушылар ұстап тұратын тұтқа, орындықтар, есік пен терезелер және валидаторлар хлорлы ерітіндімен жуылады.
Директор орынбасарының айтуынша, арнайы жуғыш құралдарының саны жеткілікті. Дегенмен, залалсыздандыру жұмыстары қоғамдық көлікте бұрын да жүргізілген, бірақ енді шаралар одан да күшейтілген.
- Күн сайын, желіге шығар алдында, жүргізушілер мен кондукторларға маскалар, қолғаптар және жұғыш құралдары беріледі. Өңдеу тек жолға шығар алдында ғана емес, автобус соңғы аялдамаға келгенде, яғни әр айналымнан кейін жүргізіледі, - деді Әсет Қалиғожин.
ТЖ режиміне байланысты жолаушылар саны шамамен жартысына азайды, сондықтан да қоғамдық көлік қозғалысы сенбі кестесі бойынша жүзеге асырылуда. Күн сайын желіде 180-ге жуық автобус жұмыс істейді.
 
 
Семей қаласының ақпараттық орталығы