Басы » Акимат » Қаланың басқа жаңалықтары » Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Семейде болды
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Семейде болды
Автор: Акимат
26-03-2020 10:41
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Семейде болды
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Семейде болды
 
 
Сапар барысында аймақ басшысы аяқ киім фабрикасы мен Қарағайлы ықшамауданына барды. Қазіргі уақытта ауданда тұрғын үй құрылысы белсенді жүргізілуде. Даниал Ахметов жұмыс сапасын бағалап қайтты. 
- «Фирма Азия» ЖШС жақсы жұмыс атқаруда. Есіңізде болса, бұл компания көпфункционалды мәдени-спорт кешенін салды. Осы жылы біз мұнда 25 үй салғымыз келіп отыр, - деді Даниал Ахметов.
Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасы бойынша 92 үйдің құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамамен жұмыс жүргізілуде. Сонымен, алдағы жылдары Қарағайлы шағын ауданында 60 000 отбасы қоныс тойын тойлайды.
- Мұнда өте жақсы сәулеттік шешім. Тұрақтар жоспарланған, аумақ абаттандырылады. Қарқын жеткілікті дәрежеде жоғары. Барлығы белгіленген жоспарға сәйкес жүріп жатыр, - деді ШҚО әкімі. 
Монымен бірге аймақ басшысы биылғы жылы Семейде инженерлік инфрақұрылымдарды жөндеу мен абаттандыруға көп көңіл бөлінетінін атап өтті.
- Біз Жұмыспен қамту жол картасына сәйкес инженерлік инфрақұрылымды жақсартуға қосымша қаражат бөлеміз. Мен әлеуметтік тұрғын үй құрылысының жоғары қарқынының жақсы перспективаларын көріп отырмын. Тұрғын үй құрылысын жалғастыру керек, - деді Даниал Ахметов.
 
 
Семей қаласының ақпараттық орталығы