Басы » Акимат » Қоғам » ШҚО: әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы бақылауда болады
ШҚО: әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы бақылауда болады
Автор: Акимат
26-03-2020 18:44
ШҚО: әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы бақылауда болады
ШҚО: әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы бақылауда болады
 
 
Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі тиісті шараларды қолға алып, сауда орындарын үздіксіз азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етіп отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ауыл шаруашығы басқармасының басшысы Ержан Нұрбаев мәлім етті.
Әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түліктің қатарына ұн, нан, қарақұмық, картоп, сәбіз, шалқан тәрізді пияз, орамжапырақ, күнбағыс майы, ет сынды басқа да өнімдер кіреді. Осы орайда аталған азық-түліктің дені біздің өңірде өндірілетінін атап өткен орынды. Брифингке қатысқан Ержан Нұрбаев осылай деді.
- Ауыл шаруалығы басқармасы «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жасап отырады, - деді басқарма басшысы.
Ержан Нұрбаевтың айтуынша, каратинге байланысты аймақтағы барлық өндіріс орындарында  санитарлық қауіпсіздікті сақтауға баса назар аударылуда.
- Аптасына бір рет ұйымдастырылатын жәрмеңкелерді өткізуге уақытша тыйым салынды, - деді Ержан Нұрбаев.
 
 
Ақпарат орталығы