Басы » Акимат » Актуально » Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы
Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы
Автор: Акимат
04-01-2019 15:23
Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы
Семей қаласының 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларына
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы
ақпарат
 
Ағымдағы жылдың өткен кезеңіне экономиканың жалпы даму тенденциялары оңды серпінге ие. 2019 жылдың 1 сәуіріне негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер өткен жылдың осындай кезеңінің деңгейінен жоғары.  
2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қолданыстағы бағада 38,4 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл өткен жылдың осындай кезеңінен 9,9%-ға жоғары (35,0 млрд. теңге). Нақты көлем индексі – 110,5%-ды құрады. 
Тау кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 7,9 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес деңгейіне 110%, нақты көлем индексі – 134,7%.
Өңдеу өнеркәсібінде қолданыстағы бағада 25,7 млрд.теңге көлемінде өнім өндірілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен 14,2%-ға артық (22,5 млрд. теңге), нақты көлем индексі – 116,4%. 
Ауыл шаруашылығында ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі 3,9 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың осындай кезеңінен 688 млн. теңгеге артық (3,2 млрд. теңге). Нақты көлем индексі – 101,4%.
2019 жылдың 1 тоқсанында ет өндірісі 1,6%-ға (6 079,6 тоннаға қарсы 6177,6 тонна өндірілді), сүт өндірісі 0,7%-ға (4 041 тоннаға қарсы 4 067,5 тонна өндірілді), жұмыртқа саны 07%-ға (298,1 мың данаға қарсы 300,3 мың дана шығарылды), ірі қара мал 6,4%-ға (54 053 басқа қарсы 57 259 бас), ұсақ қара мал 1,9%-ға (74 056 басқа қарсы 78 434 бас), жылқы басы 12%-ға (27 699 басқа қарсы 30 975  бас) өсті. 
Бөлшек тауарайналымының көлемі 48,9 млрд. теңгені  құрады, бұл 2018 жылдың деңгейінен 6,7 млрд.теңгеге немесе 15,9%-ға артық. Нақты көлем индексі 108,9%. 
Есепті кезеңде қалаға 129,5% өсу қарқынымен 14,5 млрд. теңге (11,2 млрд.теңге) негізгі капиталға инвестиция тартылды немесе өткен жылдың осындай кезеңінен 3,3 млрд.теңгеге артық. Нақты көлем индексі –  127,4%. 
Құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдағы 6,2 млрд. теңгеге қарсы 6,1 млрд.теңге сомасына орындалды. Нақты көлем индексі –94,3%. 
25 844 ш. м. тұрғын үй енгізілді.
Шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 18 809 бірлікке қарсы 22 174 бірлікті құрады. Өсу қарқыны – 117,9%.
2019 жылдың 1 сәуіріне жеке табыс көздері бойынша қала бюджеті 115,2% өсу қарқынымен 5 262,4 млн. теңгені құрады (2018 жылдың қаңтар-ақпан айы– 4 568,8 млн. теңге). 
2018 жылғы қаңтар-желтоқсан айында ірі және орта кәсіпорындарда еңбек ететін жұмыскерлердің орташа айлық еңбек ақысы  121 939 теңгені құрап, 2017 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 7,8%-ға артты (113 084 теңге). 
 
 

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі