Басы » Семей қалалық соты » Жаналықтар » Атқарушылық жазбаны қолдану мәселесі талқыланды
Атқарушылық жазбаны қолдану мәселесі талқыланды
Автор: Семей қалалық соты
07-02-2018 16:22
Атқарушылық жазбаны қолдану мәселесі талқыланды
Шығыс Қазақстан облыстық сотында нотариустың атқарушылық жазбаны қолдану мәселесі жөнінде дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында бейнеконференц-байланыс арқылы Семей қалалық сотының судьялары мен нотариаттық палата өкілдері қатысты.
Қатысушылар атап өткендей, атқарушы жазба сөзсіз талаптардың тез және тиімді шешілуін қамтамасыз етуге қабілетті маңызды құқықтық құралдардың бірі болып табылады. Атқарушылық жазба өндіріп алушыға тиесілі белгілі бір ақша сомасын борышкерден өндіріп алу немесе жылжымалы мүлікті талап ету туралы нотариустың өкімін білдіреді. Бұл соттан тыс тәртіпте қарыз мәселесін шешу тәсілі болып табылады, сонымен қатар, қарызға берген ақшаны қайтаруына кепіл беріп және өндірушінің талабын жедел орындауына ықпалын тигізеді. Кредитордың қолында нотариуспен тиісті белгі қойылған шарты болған кезде, ол борышкердің ақшалай қаражатын немесе жылжымалы мүлкін өндіру үшін сот орындаушыға тікелей жүгінуге құқылы.
Қарызды өндіру үшін аталған тәсіл кредиторға да пайдалы, себебі нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн алынатын мемлекеттiк баж мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі –АЕК-тің) 50 пайызы (ҚР-ның Салық кодексі) оған 1 АЕК-і («Нотариат туралы» ҚР Заңы) қосылғанда, 2018 жылға 3607,5 теңгені құрайды. Бұл қаржыны үнемдеуге қолайлы жағдай. Ал, сот бұйрығын шығару арызымен сотқа жүгінетін болса, заңды тұлға мемлекеттік бажды төлеу үшін талап қою сомасы есебінен 1,5 пайызды төлеуге мәжбүр болады. 
 
Семей қалалық сотының баспасөз қызметі