Басы » Семей қалалық соты » Жаналықтар » Семей қаласының соттарының 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмысының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты
Семей қаласының соттарының 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмысының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты
Автор: Семей қалалық соты
17-04-2018 12:30
Семей қаласының соттарының 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмысының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты
Семей қаласының соттары 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы нәтижелерін қорытындылады. Баспасөз мәслихатында Семей қалалық соты төрағасының м. а. А. Секенов, Семей қаласының № 2 соты төрағасының м. а. Ж. Абенова, Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы А. Молдағожина және ШҚО № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрағасының м. а. Р. Байжуманова баяндама жасады.
«2018 жылдың 3 айы ішінде Семей қалалық сотымен 4 096 азаматтық іс қаралды, оның ішінде медиация тәртібімен 299 іс тоқтатылды. Апелляциялық сатыдағы күшін жойған және түзетілген сот актілерінің жалпы саны 12 немесе 0,3% құрайды. Сот актілердің 99,7 пайызы заңды және негізді болып өзгеріссіз қалдырылған. 2018 жылдың 3 наурызынан бастап заң қызметтері секторы жұмыс істейді. Бір айдан аз уақыт ішінде 377 азамат заң көмегін сұрады. Олардың ішінде 32-сі медиатордан кеңес алды, оның ішінде отбасы және неке қатынастары саласындағы даулар - 24 және шығындарды өтеу - 8. Барлығы медиация туралы екі келісім жасалды. 307 адам адвокаттан кеңес алды. Азаматтар келісім-құқықтық қарым-қатынастардан, мүліктік құқықтардан, көшіруден, еңбек және неке-отбасылық даулардан туындайтын шығындар, борыштар, даулары бойынша сұрақтар мазалаған. Олардың барлығы қажетті заң көмегін алды және қолданыстағы заңнаманың тиісті түсіндірмелерін алды. Нотариуске 8 адам жолықты, 28 адам электрондық цифрлық қолтаңба алды» А. С. Секенов атап өтті.
Семей қаласының № 2 соты төрағасының м. а. Ж. Абенова сыбайлас жемқорлық істеріне толық тоқталды. «Осы уақыт ішінде жемқорлыққа қатысты үш іс қаралды, біреуі пара алу үшін және екеуі парақорлыққа итермелеу. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмыстық ісін тоқтату мақсатында бұрынғы полиция қызметкерінің 3 000 000 теңге айыппұл беруге итермелегені үшін  6 жылға бас бостандығын шектеу және 100 сағатқа мәжбүрлеп жұмыс істеу жазасы тағайындалған. 20 000 теңге пара алғаны үшін жол полициясы қызметкері сотталды және 1 миллион 200 мың теңге  айыппұл жазасы тайғайындалды, және газ баллоны орнатылған көлік құралын іс жүзінде тексермей құжаттарды тез және толығымен табысты алуға көмек көрсету мақсатында  лауазымды адамға айыппұл беруге итермелеген «Семейгассервис» ЖШС директоріне 1 000 000 теңге көлемінде айыппұл жазасы тағайындалған» - деп түсіндірді.
 
Семей қаласы соттарының баспасөз қызметтері