Басы » Семей қалалық соты » Жаналықтар » Тұтынушының құқықтары қорғалды
Тұтынушының құқықтары қорғалды
Автор: Семей қалалық соты
14-05-2018 12:26
Тұтынушының құқықтары қорғалды
Семей қалалық сотымен тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамының талап арызы бойынша ақшалай қаражатты өндіру туралы азаматтық іс қаралды.
Талапкер тұтынушының мүддесінде сотқа жүгіне келе, жеке кәсіпкер мен сатып алушы арасында бағасы 567 610 теңгеге балалардың гарнитурын сатып алу-сату шартын жасасқанын көрсеткен. Тауардың ақысы толығымен төленген. Жиһазды орнатқаннан кейін, клиент ақшаны қайтару туралы ұсынысымен сатушыға жүгінген, өйткені тауардың сапасы мен қауіпсіздігі оған сәйкес келмеді, сонымен қатар оның жүгінулері нәтижесіз болды.
Қоғам жүргізген әңгімелесуден кейін жауапкер төленген ақшаны ішінара қайтара отырып, 35 000 теңге көлемінде ақшаны қайтармай, бұл оның жиһазды жеткізу мен жинау бойынша шығындары екенін түсіндірген.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның 8-1-бабының 2-тармағына сәйкес, сатушыға шартты бұзған жағдайда ұсынылмаған тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтармау құқығын беру шарт жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын талаптар.
Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.
Жеке кәсіпкер тұтынушы пайдасына 35 000 теңге төлеуге міндеттелген.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
 
Семей қалалық сотының 
баспасөз қызметі