Басы » Семей қалалық соты » Жаналықтар » Семей қалалық сотында психологтың кеңсесі ашылды
Семей қалалық сотында психологтың кеңсесі ашылды
Автор: Семей қалалық соты
14-09-2018 10:40
Семей қалалық сотында психологтың кеңсесі ашылды
Дауды соттан тыс тәртіппен шеше алмаған жағдайда сотқа жүгінуге тура келеді. Осындай өмірдің қиын кезеңінде психикалық теңгерімді сақтау үшін талапкер мен жауапкерге психолог қажет болуы мүмкін.
Семей қалалық сотында «Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде психолог кабинеті жұмыс істей бастады. Арнайы бөлмеде ресми бейімделу жоқ, тараптар өздерін еркін сезінеді және сұхбаттасушыға сенім артады.
Медициналық психолог, гештальт кеңесшісі отбасылық дауларды шеше бастады және оның қызметі ерлі-зайыптылардың татуласуына ықпал етеді.
Кез келген адам қате жіберуі мүмкін, сондықтан да, жақсы қарым-қатынаста болу үшін дауды немесе қақтығысты бейбіт жолмен шешуге тырысу керек.
 
Семей қалалық сотының баспасөз қызметі