Басы » Семей қалалық соты » Жаналықтар » Сот сараптамасын тағайындау кезіндегі туындайтын мәселелер бойынша дөңгелек үстел өткізілді
Сот сараптамасын тағайындау кезіндегі туындайтын мәселелер бойынша дөңгелек үстел өткізілді
Автор: Семей қалалық соты
07-11-2018 11:52
Сот сараптамасын тағайындау кезіндегі туындайтын мәселелер бойынша дөңгелек үстел өткізілді
Семей қалалық сотында сот сараптамасын тағайындау кезіндегі туындайтын мәселелер бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Жұмыс жиналысына сот төрағасы Н. Б. Әбдікәрімов, Шығыс аймақ және Павлодар облысы бойынша Республикалық сот сарапшылар палатасының бөлім меңгерушісі С. К. Үмірғалиев, Семей қаласының сот сараптамасы институтының директоры Г. О. Әділханов және сот сарапшылары қатысты.
Талқылауға ұсынылған мәселелердің қатарында: зерттеу түріне қарай сараптама мекемесін таңдау мәселесі, процессуалдық мерзімдерді сақтау, сараптаманы тағайындау кезінде судьялармен сұрақтардың нақты көрсетілуі.
Іске қатысатын әрбір тұлға сарапшының алдына қойылуға тиіс сұрақтарды сотқа ұсынуға құқылы. Сарапшы қорытынды беруге тиіс сұрақтардың түпкілікті шеңберін сот айқындайды. Сот ұсынылған сұрақтарды қабылдамауды сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарымда уәждеуге міндетті.
Қатысушылардың пікірінше, сот сараптамасын тағайындау кезінде сарапшының алдына қойылуы керек болатын дұрыс, нақты, біржақты сұрақтарды қалыптастыру мәселесі болуы мүмкін. Әдетте, іске қатысушылар мен сот ғылым мен техника саласындағы арнайы білімдерге ие емес, сондықтан да, сұрақтардың кең ауқымын, істі қарауға және оның шешуіне қатысты мән-жайларды анықтауы қиындық туғызады.
Сондай-ақ, Үмірғалиев С. К.: «Қазақстан Республикасында жеке сот-сараптамалық қызметін дамыту кезінде сот сараптамасын жүргізу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен берілген лицензиялар негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаларға жүктелуі мүмкін. Барлық мемлекеттік органдар, мемлекеттік меншіктегі әртүрлі заңды тұлғалармен жеке сот сараптамасының қорытындылары мемлекеттік сот сараптамасының қорытындыларымен тең қабылданады».
 
Семей қалалық сотының баспасөз қызметі