Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мерекесі қарсаңында салтанатты жиын

Семей қалалық соты Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мерекесі қарсаңында салтанатты шара өткізді. Сот төрағасы Н.Б.Әбдікәрімов судьяларды және сот қызметкерлерін мемлекеттік мерекемен құттықтап, ең беделді әріптестерін «Сот төрелігін жүзеге асырудағы үлкен жетістіктер үшін, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, еңбекқор жұмыс үшін» Судьялар Одағының Шығыс Қазақстан филиалының құрмет грамоталарымен және «Кеңсе жұмысында жоғары нәтиже қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін» алғыс хаттарымен марапаттады.
Іс-шара Қазақстанда ширек ғасыр бойы - тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейінгі ең маңызды оқиғаларды бейнелейтін бейнероликті көрсетуімен аяқталды.
Семей қалалық сотының
баспасөз қызметі