Басы » Семей қалалық соты » Жаналықтар » Заңнамаға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды талқылады
Заңнамаға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды талқылады
Автор: Семей қалалық соты
04-02-2019 17:59
Заңнамаға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды талқылады

Семей қалалық сотында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.Іс-шараға нотариалдық палата, коммуналдық шаруашылық және пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері қатысты.Ұлттық заңнама нотариустың атқарушы жазбасы арқылы ақшалай міндеттемелерді өндіру мүмкіндігін кеңейтті.Сонымен қатар, даусыз қарыздарға баламалы өндіру мүмкіндігі жойылып - ағымдағы жылдың 3 ақпанынан бастап соттар дауды соттан тыс реттеу тәртібінің сақталмауына байланысты арыздарды қайтаруда.Сондай-ақ, нотариусқа жүгінген адамның шығындарын борышкер өтейтін толықтырулар енгізілді, ал есептелген, бірақ төленбеген жалақыны өндіріп алу туралы талаптар бойынша жүгінген тұлғалар нотариустың қызметіне ақы төлеуден босатылады.«Атқару жазбасын жасағаны үшін төлем қайта қаралды. Арналған сараланған төлем енгізілді, жеке тұлғалар үшін – өндіріп алынатын соманың немесе талап етілетін өзге жылжымалы мүліктің нарықтық құнының 0,2 пайызы, бірақ 0,5 айлық есептік көрсеткіштен кем емес және 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес; заңды тұлғалар үшін – өндіріп алынатын соманың немесе талап етілетін өзге жылжымалы мүліктің нарықтық құнының 1 пайызы, бірақ 1 айлық есептік көрсеткіштен кем емес және 100 айлық есептік көрсеткіштен артық емес» деп атап өтті қатысушылар.Айта кету керек, атқарушылық жазбаның атқару парақ күші болады және ол бойынша өндіріп алу Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

 

Семей қалалық сотының баспасөз қызметі