Басы » Семей қалалық соты » Жаналықтар » Семейде билер медиация курсынан өтті
Семейде билер медиация курсынан өтті
Автор: Семей қалалық соты
04-06-2019 09:44
Семейде билер медиация курсынан өтті
Семей қалалық сотында дау бойынша келіссөздер жүргізу дағдыларына машықтану тұрғысында «Билер кеңесі» мүшелері арасында семинар-тренинг өткізілді.
Татуласу бойынша мастер-классты Халықаралық құқық қорғау орталығының басшысы, «Қазақстан медиаторлар Ассоциациясы» бас директоры, кәсіби медиатор Ж.Жакупов өткізді.
Спикер атап өткендей жан-жалдардың күрделілігін ескере отырып, әр кеңес мүшесінің өмірлік тәжірибелерге ие екеніне қарамастан, тараптардың татуласуының заманауи құралдарына үйрену керек. 
Тренинг барысында қатысушылар ерлі-зайыптылар, туыстарын және көршілер арасында жиі туындайтын әлеуметтік және отбасылық қарым-қатынастардағы даулы мәселелерді тиімді шешетін тәсілдерді зерттеді. 
«Билер соты» тарихи институты мен заманауи әдістері мен тактиканы ұштастыра отыра дауларды шешу мысалдарына қатысушылардың қызығушылығын танытты.
Басты назар теңдік диалогының әдістеріне, татуласу рәсімдерін өткізу ережелеріне және шешендік ұстанымдарға бағытталды. Қарсыластың дүниетанымдық көзқарасын өзгертуге, дауласушы тараптардың әлсіз тұстары мен күштерін талдау қабілеттілік дағдылары талқыланды.
Семей қаласының «Билер кеңесі» төрағасы Ш.Жұмақсанов ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, өткізілген оқыту семинарының тиімділігін атап өтті. Тренинг қорытындысы бойынша кеңестің мүшелері оқу аяқталғаны туралы сертификаттармен марапатталды.
 
 
 
Семей қалалық сотының 
баспасөз қызметі