Басы » жастар ресурстық орталығы » Жаңалықтар » Үздік жастар театры анықталды
Үздік жастар театры анықталды
Автор: жастар ресурстық орталығы
23-04-2019 10:58
Үздік жастар театры анықталды
Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде Қалалық мәдениет сарайында «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ тапсырысы бойынша  «ШҚО жастар және балалар ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Семей қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Үздік жастар театры – 2019» байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты жастар арасындағы нашақорлық деңгейін төмендету, діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес және жастар арасында отбасы құндылығын насихаттау. Байқауға қаламыздың жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан құралған 9 студент жастар театры қатысты. Байқаудың нәтижесі бойынша:
1 орын – «Айбарыс» жастар театры (Бизнес және Сервис колледжі);
2 орын – «Ес-Аймақ» драма үйірмесі (М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі);
3 орын – «Қазақ жастары» драма театры (Құрылыс колледжі);
«Ең үздік ер адам рөлі» аталымы – Мәсалім Ыһлас («Ес-Аймақ» студент жастар театры, М. Төлебаев атындағы музыкалық училищесі);
«Ең үздік әйел адам рөлі» аталымы – Курмангазиева Жанна («Жігер» студенттер театры, М. Төлебаев атындағы музыкалық училищесі) иеленді.
Барлық қатысушылар арнайы алғыс хаттармен, жүлдеге іліккен қатысушылар ақшалай сыйлықтармен арнайы дипломдармен марапатталды.
 
 
Жастар ресурстық орталығы