Басы » жастар ресурстық орталығы » Жаңалықтар » Рухты Семей «Street Workout»
Рухты Семей «Street Workout»
Автор: жастар ресурстық орталығы
08-05-2019 17:40
Рухты Семей  «Street Workout»
Қаламызда жастар жылы аясында ШҚО Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысына сәйкес 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай Семей қаласы әкімінің кубогіне арналған «Рухты Семей» Street Workout турнирі өткізілді. Турнирдің ашылу салтанатына қала әкімі Ермак Бидахметұлы Сәлімов қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған үздіктер облыстық «Рухты Шығыс» турнирында қаламыздың намысын қорғайтын болады.
Жастарды салауатты өмір салтына баулып, жастар арасында  бұқаралық спортты дамыту мақсатында аталған бағыттағы шаралар жыл көлемінде ұйымдастырылатын болады.
Жарыс қорытындысы «мультилифт» тәртібі бойынша : 
1 орын: Трухачев Данил
2 орын: Жомартов Мухамед
3 орын: Коканов Ельшат
«Фристайл» тәртібі бойынша:
1 орын:  Трухачев Данил
2 орын : Жомартов Мухамед
3 орын:  Коканов Ельшат
 
 
 
Жастар Ресурстық  Орталығы