Басы » Семей қаласының ішкі саясат бөлімі » Жаналықтар » «Менің мамандығым – менің болашағым» жұмысшы жастар форумы
«Менің мамандығым – менің болашағым» жұмысшы жастар форумы
Автор: Семей қаласының ішкі саясат бөлімі
24-11-2017 14:46
«Менің мамандығым – менің болашағым» жұмысшы жастар форумы
Ағымдағы жылы 23 қараша күні электротехника колледжінде «Менің мамандығым – менің болашағым» атты жұмысшы жастар форумы өткізілді. Оған  қала колледждерінің студенттері, «Серпін - 2050» әлеуметтік жобасының қатысушылары мен мектептердің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Форумының негізгі мақсаты – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, мектеп түлектеріне мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру. 
Форум жұмысы ең алдымен қатысушыларға арналған экскурссиядан басталды. Онда қатысушылар колледж шеберханасындағы әр түрлі құрал-жабдықтармен танысты. Екінші бөлімі пленарлық жиынды ішкі саясат бөлімінің басшысы Садырбаев Айдар Серікқазыұлы жүргізді. Сонымен қатар, жиынға Шығыс Қазақстан облысы колледждері директорлары кеңесінің төрағасы Сартаев Оралхан Иманғалиұлы, Қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Жибраева Жанна Жағфарқызы мен Қоғамдық кеңестің тұрғын-үй коммуналдық мәселелері бойынша жұмыс тобының төрағасы Исаев Николай Николаевич қатысты. Жиын барысында қаладағы техникалық-кәсіптік білім беру туралы, жұмысшы мамандықтарының маңызы туралы айтылды. Сондай-ақ, «Серпін - 2050» әлеуметтік жобасы аясында білім алушылардың «Серпін – 2050» әлеуметтік жобасының маңызы» және «Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы жұмысшы жастардың рөлі туралы» баяндамалары тыңдалды.
Форумның соңғы бөлімінде мектеп бітірушілерге арналған «Тиімді көшбасшылық және заманауи жастардың көшбасшылық әлеуетін дамыту» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. 
 
Ішкі саясат бөлімі