Басы » Семей қаласының ішкі саясат бөлімі » Жаналықтар » Құрметті семейліктер! Қымбатты жерлестер!
Құрметті семейліктер! Қымбатты жерлестер!
Автор: Семей қаласының ішкі саясат бөлімі
29-12-2017 17:12
Құрметті семейліктер! Қымбатты жерлестер!
Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жыл - өткен жылға баға беріп, тың қадам жасайтын, рухани серпін беретін, жақсылыққа ұмтылдырып, жарқын өмірге жол сілтейтін мереке.
2017 жыл, барлық қазақстандықтармен қатар, семейліктер үшін де айтулы оқиғаларға, жетістіктер мен қуаныштарға толы жыл болды. Олардың ішіндегі ең бастысы - Алаштың 100 жылдығы, Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығы, еліміздің тарихында алтын әріптермен жазылатын халықаралық «ЭКСПО» көрмесі өтіп, еліміз рухани жаңғыру жолына түсті.  
2017 жылға жоспарланған істеріміз жүзеге асып, аймағымыздағы береке-бірлік пен тұрғындардың жемісті еңбегінің арқасында әлеуметтік-экономикалық өсімге қол жеткіздік. Семей қаласында жаңадан мектептер, балабақшалар ашылып, әлеуметтік ғимараттар пайдалануға берілді.
Келер жылы - сайын даланың төсінде бой көтерген ару қала Астананың 20 жылдығы. Елордамыз - ынтымақ пен достықтың киелі мекеніне айналған егемендіктің перзенті.
Жаңа жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтіп, тілек тілейтініміз анық. Жаңа жылда тілеген тілектеріңіз қабыл болып, халқымыз игілікке, мемлекетіміз молшылыққа, әр шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенеле берсін!
 
 
Құрметпен, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов
Қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов