Басы » Семей қаласының ішкі саясат бөлімі » Жаналықтар » М. Мақатаевтың туған күніне арналған «Соғады жүрек» атты оқулары өткізілді
М. Мақатаевтың туған күніне арналған «Соғады жүрек» атты оқулары өткізілді
Автор: Семей қаласының ішкі саясат бөлімі
12-02-2018 11:14
М. Мақатаевтың туған күніне арналған «Соғады жүрек» атты оқулары өткізілді
Соқ, жүрек!
Бұзбай соққын ырғағыңды,
Сыңғырлаған сиқырлы үн естиін
Бұрап қой босап қалған сымдарыңды.
 
9 ақпан күні  Семей қаласының жастар ресурстық орталығы және Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің қолдауымен, Жастар маслихатының ұйымдастыруымен ақын, М. Мақатаевтың туған күніне арналған «Соғады жүрек» атты мектеп оқушылары арасында Мұқағали Мақатаев оқулары өткізілді. Байқауға барлығы қала мектептерінен жиырма оқушы қатысып,екі кезең бойынша өз бақтарын сынады. Жастарды мәдени-рухани құндылықа тәрбиелеу мақсатында аталған бағыттағы шаралар өз жалғасын табатын болады.
 
 
Ішкі саясат бөлімі