Жастар жаңғыру жолында
Автор: Семей қаласының ішкі саясат бөлімі
12-02-2018 16:28
Жастар жаңғыру  жолында
Жаһандану жолында жүрген үш тілді  жастардың жаңа заманғы  IT, SMART  технологияларды меңгеріп, әлемдік бәсекеге қабілетті болуы заман талабы.
Сонымен қатар, жаһандану жолында жұтылып кетпей, елдің мәдениеті мен жердің тарихын жетік білетін рухани жаңғырған жастар ұлт болашағы екені баршамызға белгілі.
Осы мақсатта Семей қаласының жастар ресурстық орталығында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласының аясында  жүргізілетін жұмыстар жүйелі түрде жолға қойылған.
Ағымдағы жылдың 9 ақпанында «Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті» И 511 тобының тарих сабағы  «АЛАШ АРЫСТАРЫ –МҰХТАР ӘУЕЗОВ » музейінде өткізілді.
Сонымен қатар, аталған бағыттағы жоспарлы жұмыстар аясында қаламыздағы М.Төлебаев атындағы музыкалық училищесінің «Мәдени шаралардың режиссері » мамандығында оқитын 1-2 курс студенттері қазақ театр өнерінің қара шаңырағы Абай атындағы  театрға саяхат жасап, театрдың бір күндік өмірімен танысып қайтты.
Тарихи-мәдени мекемелерге саяхат жасау арқылы  жастардың алған әсерлері олардың болашақта өз мамандықтарына деген қызығушылықтарын оятып, өмірден өз орындарын табуына ықпалын тигізеріне сенім зор.
 
 
 
Ішкі саясат бөлімі